Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма 1. Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз. Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ 1) 2) Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ 1) 2) 3) Мәтіндер 1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді. Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын». – Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай? – Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әртүрлі сән журналдарындағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.