Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
тапсырма :Мәтін ішінен үндестік заңына бағынбайтын қосымшалары бар сөздерді теріп жазыңыз және оларды сөз тұлғасына талдау жасаңыз. Еліміздің экологиялық проблемалары Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр . Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп , температураның жоғарылауына әкеліп соғады . Энергия көзі ретінде көмір , мұнай , табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп , индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді . Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса , планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады , басқа жерлерде жаңбыр көп жауып , жерді топан су қаптайды . Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді . Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап , халықтар мекенін тастап , күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді . Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда . Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал , Балқаш , Каспий , Семей қасіреттері еске түседі . Адам мен табиғаттың қарым - қатынасын жақсарту бағытталған шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне - өзі шек қою . Сондықтан біз табиғатты аялай білейік !