Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтін түрлеріне қарай ажыратып жаз. 1-мәтін. Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда. 2-мәтін. Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі. 3-мәтін. Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан. Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. 4-мәтін. Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ-тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауылда тұрады. Қауіп төнгенде пысқырып дыбыс шығарады. 5-мәтін. Ақбөкен қойға ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен. Тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау. Көздері мөп-мөлдір. 6-мәтін. Үкі – жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Оның басы үлкен, көздері бақырайған, Қауырсындары жұмсақ. Ол ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. 7-мәтін. Құмырсқаның қыста қарны ашпайды. Өйткені ол жазда таңертеңнен кешке дейін тапқан азығын илеуіне тасып алады. Сондықтан оны еңбекқор жәндік дейді.
Жеңге
Жеңге деген – ол менің ағамның сүйген жары. «Жақсы жеңгең - жарты анаң» дегендей, менің жеңгем өте асыл жан. Біздің үйге келін болып түскелі екеуміз апалы - сіңілі адамдардай болып кеттік, менің бүкіл сырларымды білетін, маған үнемі ақылын айтып, білмейтінімді үйрететін – осы жеңгем. Жақсы жеңге ғана болып қоймай, қайынжұртына инабатты келін, балаларына сүйікті ана.
Қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тәлім – тәрбиесінде жеңгенін орны ерекше. Қашанда өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдеріне әзілі мен қалжыңы араласа жүретін сыйлы, әрі сүйкімді адам болған. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атймын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.