Қазақ әдеби тілінің тарихы, әдеби тілдің қапыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс апуына тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын қазақтың тел көркем әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ филологиясында қазақтың профессионал көркем әдебиетінің тарихы женінде әр кез әр қилы пікір айтылды. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің алғашқы нұсқаларын V-VIII ғасырдан іздеу бағыты байқалады. Әрине, қазақ халқы өз алдына XV ғасырдың орта тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайплық одақтардың (үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын т. б.) тарихы тым әріде. Түркі халықтарының орхон-енисей, талас жазбалары (V-VIII ғасыр), ерте ортағасырлық "Құтадгу білік" (XI ғасыр), кейінгі ортағасырлық "Мұхаббатнама" (XIV ғасыр) тәрізді әдеби жәдігерліктері болған. Ерте кездердегі жазба әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М.Қашқаридың "Диван лұғат ат-түрік" (XI ғасыр), "Кодекс Куманикус" (XIII ғасыр), "Оғызнама" (XIV ғасыр) сияқты ескерткіштері де бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді қазақ халқының құрамына енген ру, тайпапардың да қатысы болғандығы даусыз.
Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды.
Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893–1920) - 28 қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған. 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Денсаулыққа пайдалы дәрумендер Фразеологизмге берілген дұрыс анықтаманы тап.Фразеологизм, тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы жасалған, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болатын сөз тіркестерінің жиынтығы.Фразеологизм, тұрақты тіркестер — екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері.
Екиншиси дурыс
Объяснение: