Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4 -тапсырма.Мәтінді оқы. Ат қой. Түсінгеніңді айт.МӘТІНМЕН ЖҰМЫСКең-байтақ Қазақ даласы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдікке аса бай. Соныңбірі — даланың сәні, көктемнің белгісіндей болып шығатын қызғалдақ. Біздің жеріміздеқызғалдақтың 32 түрі кездеседі. Оның 12 түрі — эндемикалық, яғни тек Қазақ жерінде ғанаөсетін қызғалдақ саналады. Сондықтан Қазақстан «Қызғалдақтың отаны» аталады.«Қай ел — қызғалдақтың отаны?» деген сұрақ бойынша талас та бар. ДүниежүзіндеҚызғалдақтың тұқымын алып, өсіріп жатқан ел көп. Бірақ Қазақстандағы қызғалдақтар табиғитаза, к сімдік саналады. Сондықтан олар хош иісті, айналасына ерекше жұпаршашып тұрады. Олардың биіктігі 30-35 см болады. Қызғалдақтың түстері де алуан түрлі бо-лып келеді: қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары және т.б. Қызғалдақтардың ішінде көп кезде-сетіні — қызыл және сары түстілері.Біздің жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі «Қызыл кітапқа» тіркелген. СондықтанҚызғалдақтарды көздің қарашығындай сақтау керек.СОСТАВТЕ ДИАЛОГ
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.
Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.