Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1. Үйлесім, үндесу заңы, негіз бен аффикстің заңы: A) Редукция; B) Аккомодация; C) Метатеза; Д) Үндестік заңы; E) Қосымша мен түбір заңы; 2. Негізгі зат есімді табыңыз. A) бала, білімді, қысқы; B) заң, құқық, колледж; C) кітап, баладай, қалалық; Д) университет, бақытты, денсаулық; E) мектеп, кітап, таудай; 3. Тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз. A) бабым, студент, балмұздағым; B) заң, жолдассың, оқушы; C) заңым, университетін, құқығым Д) тарауым, тергеуші, адвокатпын; E) тергеушің, кітапхана, адвокатпын; 4. Туынды зат есімді табыңыз: A) достық , балалық; B) бардық , аудандық; C) құқық, қалалық; Д) үшеу, заңгер; E) тарау, тәуелсіздік; 5. Туынды зат есімді табыңыз: A) ауылдас; B) ақылдас; C) асыл тас; Д) хабарлас; E) қып-қызыл; 6. Біріккен сөзді атаңыз: A) ата-ана, бала-шаға; B) ҚСТУ, ҚӘТК; C) аяқ киім, қант сауыты; Д) тасбақа, қолшатыр; E) аты-жөні, сиыр еті; 7. Біріккен сөзді табыңыз: A) тасбақа, күйсандық; B) балға, заң; C) аты-жөні, ата-ана; Д) бала-шаға, шекара; E) ҚМУ, қарлығаш; 8. Туынды зат есімдерді табыңыз. А) жерлес, кәсіп, кеден B) елтаңба, еңбек, оқу C) оқытушы, мүдде, студент Д) заң, хатшы, тергеу E) жазушы, тәуелсіздік, елші 9. Үндестік заңына бағынатын аффикстерді табыңыз: А) лас, /лес, дас, /дес, тас, /тес. В) паз, / қор, / лар, /лер. С) лас, /лес, хана, /гер. Д) хана, /гер, /кер, /дас, /дес Е) лас, /лес, /гер, /кер 10. Буын үндестігіне бағынатын аффиксті табыңыз: А) –қор В) –мен, -бен, -пен С) -лас, -лес Д) –кеш Е) –қой 11. Сын есімнің салыстырмалы шырайы қандай жұрнақтар арқылы жасалады? A) лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; B) –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; C) –дай, -дей, -тай, -тей; Д) өте, тым, ең; E) –қы, -кі, -ғы, -гі; 12. Қай сөйлемде сын есімнің салыстырмалы шырайы кездеседі? A) Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар; B) Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы заңы»; C) Байқаушылар-мемлекеттердің, халақаралық ұйымдардың өкілдері; Д) Мына шартты толтыру қиындау екен; E) Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу; 13. Қай сөйлемде сын есімнің асырмалы шырайы бар? A) Алма шырыны тәп-тәтті; B) Тәттіні көп жеуге болмайды; C) Анау кәмпит тәттілеу; Д) Тәтті тоқаш алдым; E) Тәттілеу алма жеші; 14. Сапалық сын есімдерді табыңыз: A) Бұлтсыз аспанға қарадым B) Аудандық бөлімге барды; C) Таулы аймақтан келген шығар; D) Жазғы демалыс та бітті; E) Білікті тергеушімен кездестім ; 15. Сын есімдердің қай шырайда тұрғанын анықтаңыз: «Білікті адвокат жастау сияқты» A) жай шырай, күшейтпелі шырай B) жай шырай, асырмалы шырай C) жай шырай, салыстырмалы шырай D) асырмалы шырай, күшейтпелі шырай E) асырмалы шырай, салыстырмалы шырай 16. Қатыстық сын есімдерді табыңыз. A) таулы, дәмді, жазғы B) суық, көк, тұзсыз C) мұртсыз, енді, қызыл D) ақ, қысқы, жасыл E) үлкенірек, қысқалау 17. Болжалдық сан есімді табыңыз. A) мындай; B) мыңдай; C) мұндай; D) мұнай; E) ұлдай; 18. «Жаңа тәуелсіз мемлекетіміз» сөз тіркесінде қандай жалғау бар екенін анықтаңыз. a) септік т b) жіктік c) көптік d) әуелдік e) жалғаулардың бәрі 19. Жатыс септікте дұрыс жазылған сөзді табыңыз. a) қорғаушыда b) қорғаушыдан c) қорғаушымен d) қорғаушының e) қорғаушыға 20. “Біздің қызметі…” сөз тіркесіне жалғау жалғаңыз a) –мыз b) –міз c) –ңіз d) –ымыз e) –ме
Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.
Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.
Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.
Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен, ұйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді