Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
A.
сапсан.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген сөздермен сөз тіркестері арқылы тақырыпты , көтерілетін мәселені болжаңыз.Себебін түсіндіріп мәтінге тақырып беріңіздер. Ұсынылатын сөздер мен дәйексөздер: Әбу Насыр әл-Фараби, Шғыстың ұлы ойшыл , ғалым, Түркістан облысы, Отырар қаласы, орасан мол мұра қалдырды, көзі тірісінде, әлем ғалымдары «Екінші ұстаз» , Фараби трактаттарының саны , еңбектер дүниежүзіне, көптеген тілдеріне, араб, парсы, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек . 80-нен астам шығармасы .
ч — [ч’] — согласный, глухой непарный, мягкий (непарный, всегда произносится мягко), шипящий
е — [и] — гласный, безударный
н — [н’] — согласный, звонкий непарный, сонорный (всегда звонкий), мягкий (парный)
ь — не обозначает звука н — [н] — согласный, звонкий непарный, сонорный (всегда звонкий), твёрдый (парный)
у — [у] — гласный, безударный
ж — [ж] — согласный, звонкий парный, твёрдый (непарный, всегда произноится твёрдо), шипящий
н — [н] — согласный, звонкий непарный, сонорный (всегда звонкий), твёрдый (парный)
о — [о] — гласный, ударный
В слове 5 букв и 5 звуков.