Ол туралы кезінде Ыбырай Алтынсарин жазып кеткен еді, қазақ әдебиеті пәнінде да ол кісі туралы мәлімет бар.
Сонымен Қыпшақ Сейітқұл деген кім? Қыпшақ Сейітқұл деген арғы атамыз елді отырықшы қылу мақсатымен Асан қайғы бабамыз секілді біраз жерді аралаған екен. "Ат арық болса жер семіз" деп атын сипай қамшылап біраз жерді шарлапты. Қас қарайған кез болса керек, бір таудың етегіне түнемекке ат шалдырып, тоқымын төсеніп, ерін жастанып жата кеткен екен. Түннің бір мезгілінде таудан етекке тастар домалап түсе бастайды. Әлгі кісі тастың екеуін алып "ертең көремін" деп қалтасына сала салады. Ертесіне қараса манағы тастар екі түйір алтын болып шығады. Сөйтсе, "көшкен алтын екен" дейді-мыс. Сол алтынын қаражатқа айналдырып, Қабырға өзенінің бойына қазық қағып, елінің басын біріктіріп, елге мал жинап, егін егіп, мал емшегі мен жер емшегін қатар еметіндей еліне үлкен бастама бастап берген екен дейді-мыс.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Асанқайғы неге еліне шұрайлы қоныс іздеген?