ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын вильям томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. бірақ мағыналары бір емес.[1]
мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. батыс еуропа, америка, австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. байырғы ата-ң наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1-тапсырма Берілген үзіндіден көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтаңыз. ...Аяз би әділ болды. Тура билік етті, нашарларға қарасты. Баяғы өзінің жыртық тоны мен жаман тымағын ордасының маңдайшасына шегелеп қойды. Кейде хандықпен көңілі ауытқып, тура жолдан таяйын десе, шегелеулі тоны мен тымағына қарап: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» - деп, көңілін басушы еді дейді.2-тапсырма . Бос бағанды толтырыңыз. «Алып Ер Тұңға» жырыЖырдың тақырыбы Әдеби жанры Негізгі идеясы Жыр сюжеті 3-тапсырма. Жырдағы автордың бейнесін, ойын анықтаңыз. Алып - Ер Тұңға өлді ме?Опасыз дүние қалды ма? Заман өшін алды ма?Енді жүрек жыртылар... Тербетер салты мұндай-ақ, Бұдан да басқа сөз көп-ақ. Заман атса кезеп-ақ, Таулардың басы күйрелер...4-тапсырма. Үзіндіден 2-3 көркемдегіш құралдарды (троп түрлерін) анықтаңыз.Қашықтасың туған жер - қалың елім, Не бір жүйрік болдырып жарау деген. Шаршадым мен, қанатым талды менің, Шаңыт жолға сарылып қарауменен. Кері оралмай жылдарым жатыр ағып, Қасіреттің жасына көз жуынар.О, жаратқан, көп неткен ақымағың, Құм сықылды тез ысып, тез суынар. Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Әкімдікке күллісі жүгіреді, Көкірекпен сезініп, күрсініп көп, Жаным менің түршігіп, түнереді.