"Қарт адам – қазына" (атам мен әжем туралы)
Халқымызда «Кәрінің бәрі игі» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ак сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер.
Менің де ата – әжем бар, олардың мен үшін алатын орындары да бөлек, оларды ерекше жақсы көремін. Ешбір мейрамды әжемнің пісірген тәтті, ыстық бауырсақтарынсыз елестете алмаймын. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Біз атамыз бен әжемізбен тұратындықтан біздің үй «қара шаңырақ» аталып кеткен, міне, сондықтан алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе,міндетті түрд біздің үйге келіп, ат басын тірейді.
Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Еңсегей бойлы ер есім не жөніңде айтылған
Есім хан туралы айтылған.
Объяснение:
1598 жылы Бұқар үшін шайқаста алған ауыр жарадан Қазақ ханы Тәуекел қайтыс болып, хан тағына оның туған інісі Шығайұлы Есім отырды. Сұлтан кезінде-ақ ерліктерімен көзге түсіп ел аузында «Еңсегей бойлы ер Есім» атанған Есім хан, кейіннен «Есім ханның ескі жолы» атты қазақ халқының заңдарын шығарушы ретінде де тарихқа енді. Хан тағына отыра сала, Есім Бұқарамен бітімге келді. Арадағы келісім бойынша Қазақ хандығына Сыр бойындағы қазіргі қалалармен қоса бүкіл Оңтүстік Қазақстан және Ташкент, Ферғана аймақтары енді.