ответ:. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының басталуы.Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның өртін халықаралық империализмнің екпінді күштері: Германия, Италия, Жапония тұтандырды. Гитлер және оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен КСРО елін құртуды мақсат етті. Фашизм Кеңес Одағын бөлшектеп «Остландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Московия» (Россия), (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Ветка, Қазан, Уфа, Пермь), «Украина» (Волга өңірі, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде «Гросс Түркістан», «Еділ-Орал» деген қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. 1941 ж. 22 маусымда Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Адам саны мен соғыс техникасы жағынан фашистер басым болды. 1941 ж. 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды.
Объяснение:
Қазақстандағы ең таңғажайып жердің бірі әрі бірегейі – “Әнші құм” төбесі. Ел арасында “Айғай құм” деп те аталып кеткен жер Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан. Кейбір жерлерінің биіктігі 150 метрге дейін жететін құм шынымен де әуезді ән сала ма?Жел тұрса, сырнай үні шығады, ал тіпті қатты жел тұрса, одан да зор дыбыстар естіледі деседі. Кейде “әнші”, ал кейде “айғай” деп аталып кетуі де осыдан болуы керек. Бір жолаушыны құшақ жая әсем әнмен қарсы алса, біреуіне ызғарланып, сес көрсеткендей күйде болады. Бізге жеткен аңыздарға сәйкес, бұл құмды Жібек жолы бойымен өтіп бара жатқан жолаушылар есту үшін, құдіретін сезіну үшін арнайы ат басын бұрып отырған.
Сәйкесінше мұндай табиғаттың тылсым күшімен жасалған дүние табиғат ескерткіші ретінде сақталып, “Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябақтың” құрамына енген.
Осы жер туралы аңыздар ел арасында көптеп таралған. Тіпті әр ауылдың өз аңызы бар. Солардың ішіндегі ең танымал дегендерін қарастырып көрейік. Бір аңызға сәйкес бұл жерде сүйіктісіне жете алмай қалған, дуаланған сұлудың дауысы естіледі екен. Сол сүйіктісіне жетуге деген ынтызарлығын осылай әлі күнге дейін жеткізеді. Өзге аңыз бойынша бұл жерде атақты Шыңғыс хан және оның сарбаздары жерленген. Хан өзінің ерліктері туралы ұрпақтарына жеткізу үшін осы дыбысты шығарады деседі.
Аңыздар көп деп атап өткенімдей, қорқынышқа толы аңыздар қатары да жетерлік. Біреуіне сәйкес бұл жерде қара ниетті адам дүние соңынан қуып, ақыры құм астында қалған. Оның әрбір өкіне отырып күрсінген демі осындай дыбыс болып шығады екен. Діни аңыздар бойынша бұрыңғы заманда ел арасында “шайтан” жүріп, адамдарды азғырған. Содан ол ісіне ашуы келген Құдай оны бір жерден екінші жерге тез бару қабілетінен айырыпты. Құм төбесінде орналасқан үйіне жету үшін оған жазық дала бойы жаяу жүруге тура келді. Жолының ауыр боғланы соншалық – шаршап-шалдыққан ол құмға бір бүйірінен жатып, ұйықтап қалыпты. Ешнәрсе де оны оята алмайды. Мейлі жаңбыр, мейлі найзағай болсын. Тек адамдардың шығарған шулары маза бермей, ұйқысырап осындай дыбыс шығарады.
Не де болса, бұл жер – феномен. Қазақстанның ең ерекше жері, ел арасында танымалдыққа әлі ие болмаса да, әлемдік танымал құндылыққа айналатындай қауқары бар. Әуезді ән шығаратын осы сияқты құмдар саны әлем бойынша алтау екен. Олардың бірі біздің Қазақстанның кең байтақ жерінде. Одан бөлек АҚШ-тың Калифорния, Мичиган құмдары, Намиб шөлі, Қытайдың құмы және Ұлыбританияның Уэльсиінде бар екен.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Найдите правильные предложения и напишите их Дұрыс жазылған сөйлемдерді тап және жаз. Менің көп достарың алыс ауылда тұрады. Менің көп достарым алыс ауылда тұрады. Менің көп достарым алыс ауылда тұрамын. Менің көп достарым алыс ауылға тұрады. Маған қаладағы мәдени орындар ұнаймын. Маған қаладағы мәдени орындар ұнайсың. Маған қаладағы мәдени орындар ұнадым. Маған қаладағы мәдени орындар ұнайды. Ірі сауда үйіне қалалық автобусты бардым. Ірі сауда үйіне қалалық автобусқа бардым. Ірі сауда үйіне қалалық автобус бардым. Ірі сауда үйіне қалалық автобуспен бардым.
Менің көп достарым алыс ауылда тұрады.
Маған қаладағы мәдени орындар ұнайды.
Ірі сауда үйіне қалалық автобуспен бардық