Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша
ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.
Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс
қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан
жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға
түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр
күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған
жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.
Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған
айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды
босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін
ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей
өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана
күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты
тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға
соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Көзқарас
1.
2.
3.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4. Мәтіннен антонимдерді теріп жаз. Үлкенді-кішілі үйлердің терезелері де жарық. Үлкен де, кіші де қуанышты. Бауыржан – құлағы түрік, шапшаң бала. Қаламқас – жер қозғалса қозғалмайтын, мінезі ауыр қыз. – сен жаман баға алмақсың ба сонда? – жоқ, жақсы баға алам. Қаламқас диктантты жай жазады. – Мен жылдам айтып жатырмын ба? Бәріне жұрт кіріп-шығып жатыр. – Жемді ертеңгілік бір, кешкілік бір, азғантайдан шаш. Балық аштақтан емес, тоқтықтан өледі. Кітапта солай жазылған. – Балалар, кеше біз тазалық күнін әбден жақсы өткіздік. – Апай, бүгін кірлеген парталарды мен жуайыншы. Бірақ үй-ішінің бұл қуанышы да алысқа бармады. Бауыржан ойын қызығымен жүріп, сабақ басталуға жақын қалғанда үйге ентіге кірді. Жаңбыр жауған соң, жаңа, ескі деп қарамай, үй біткеннің бәрінің шатырынан су саулайды. Мәдениет үйіне бізді шығарып салуға ауылдың кәрі-жасы лық толды. Кейін жібергенін қайтем, қазір жіберсін.
Мәтінде табылған антонимдер: үлкен - кіші, жаман - жақсы, жай - жылдам, ертеңгілік - кешкілік, аштықтан - тоқтықтан, кеше - бүгін.
Объяснение:
Антоним - мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер. Антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ».