«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.
Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Аяз би» ертегісі. 2-сабақ Аяз бидің даналығы көрініс беретін эпизодты анықта. 1. Жаман ханға келген соң, хан сөз бастайды: - Мен сені бір ұзақ сапарға жұмсаймын, жұмсағанда, сенің ерлігіңнен үміт етпеймін, ақылыңнан үміт етемін. Барсаң, айтамын, - дейді. - Жақсы, барайын, - деп, Жаман ризалығын көрсетеді. – Тастың ішінде құрт бар екенін қайдан білдің? - дейді хан. – Тастың қасиетіндей салмағы да болу керек. Тас жеңілденген екен. Құрт бар екенін сонан білдім, - деп жауап береді. 2. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып: – Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, - дейді. 3. Сен шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді. – Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. 4. Жаман қайтадан үйге кіріп, ханнан: - Бұл не жиын? - деп сұрайды. Хан сонда: - Қалада қара болса да, байлығы менімен қатар, Уәлібай дейтін бай бар. Сол Уәлібайдың Менді дейтін қызы он бес жастан күйеу таңдап: «Өзімнен ақылы артық кісіге тием», - деп, жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте. Бұған дейін ешкім ақылы артып, оған күйеу бола алған жоқ, - дейді.