2) Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.Және желілердің түрлері бар. Мысалы:
Дауыл – көбінде теңізде және теңіз жағалауларында соғатын, жылдамдығы 30 м/с-тан асатын аса жойқын жел.
Нөсерлі дауыл – нөсерлеп жауған жауынмен қатар соғатын боран.
Шаңды дауыл – шөл, шөлейт және тақыр далада желдің топырақты немесе құмды ұшырып соғуы. Мұндай дауылды қазақ тілінде «қара дауыл» деп те атайды.
Көк дауыл – аязды қарлы боран.
Боран –жылдамдығы 20 м/с-тан жоғары, өте қатты соғатын жел.
Арқаның ақбораны – Сарыарқада соғатын, ат құлағын көрсетпейтін ақ түтек боран.
Алақаншық – бір бәсеңдеп, бір ұйтқып соғатын боран.
Қара жел – бұлтты күні соғатын ызғарлы, жауын-шашынсыз жел.
Қарыма жел – бет, құлақ ұшын қаритын өткір жел.
Үскірік жел – күзде, қыста соғатын құрғақ, суық жел.
Ызғырық жел – өңменіңнен өтер суық жел.
Аңызақ жел – жылы, ызғары жоқ, құрғақ жел.
Дегендей жел түрлерін білемін
Romanovna-yana
03.03.2021
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидан басқа жердiң бәрiнде мекендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жататын 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қарлығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлығашы.
Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топтанып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.
Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлығаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…
Negutsa_Kseniya524
03.03.2021
Адамның көзқарасын кеңейту үшін білім қажет. Бұл адамға жеке тұлға ретінде өмір сүруге және дамуға көмектесетін білім.
Білім - бұл қайда барсаңыз да, есіктерді ашуға көмектесетін күш. Бірақ білім алуға ұмтылмаған адам әлемнің сұлулығын ешқашан көрмейді.
Білім - біздің миымызға және біздің ойларымызға арналған азық-түлік. Және олар үнемі жету керек. Сондай-ақ, «білім ақыл емес ...» екенін есте ұстау керек. Сіз көп нәрсені біле аласыз, бірақ сіздің біліміңізді пайдаланбаңыз.
Білім адамға басқа біреудің рахатын емес, оның көзіне жетуге көмектеседі.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
7сынып қазақ тілі істеп беріңдерші өтініш бжб 2 ші. 3 тапсырманы
2) Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.Және желілердің түрлері бар. Мысалы:
Дауыл – көбінде теңізде және теңіз жағалауларында соғатын, жылдамдығы 30 м/с-тан асатын аса жойқын жел.
Нөсерлі дауыл – нөсерлеп жауған жауынмен қатар соғатын боран.
Шаңды дауыл – шөл, шөлейт және тақыр далада желдің топырақты немесе құмды ұшырып соғуы. Мұндай дауылды қазақ тілінде «қара дауыл» деп те атайды.
Көк дауыл – аязды қарлы боран.
Боран –жылдамдығы 20 м/с-тан жоғары, өте қатты соғатын жел.
Арқаның ақбораны – Сарыарқада соғатын, ат құлағын көрсетпейтін ақ түтек боран.
Алақаншық – бір бәсеңдеп, бір ұйтқып соғатын боран.
Ақтүтек – жауған қармен қабаттасып, ұйтқып соғатын боран.
Ноқай – көзді аштырмай, құйын тәрізді үйіріліп, үдеп соғатын боран. Бұрқасын – қармен қабаттасып, бет қаратпай долданып соққан боран.
Жаяу бұрқасын – бәсең соққан боран.
Ақборан – қарды ұшырып, жер әлемді ақ қармен тұмшалайтын боран.
Ақжорға – жердің бетімен қарды ұшырып ұйтқып соққан жел.
Құйын – үйіріле, ұйтқи соғатын, кейде шаң-тозаңды көкке үйіріп соғатын екпінді жел.
Алақұйын – астаң-кестең ұйтқыған боран.
Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел.
Қызыл жел – аңызақ, ыстық жел.
Майда жел – жұмсақ самал.
Салқын жел – тым суық та, тым жылы да емес жел.
Суық жел – ызғарлы күзгі жел.