Менің борышым халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу. Және де ата-анамның үмітін ақтау,сабақты тек қана беспен оқу. Міне, менің борышым осы.
«Адамдық борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы ұшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл Өлгеніңше,
Жоба тап , жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,
Қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Жастық шақ! Бұл – а ң ересек өмірге көшу кезеңі, экономикалық-қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу мен әлеуметтік-саяси мәселелерге қатысуға барынша ынталы дәуірі. Мұндай ынта жеке адам мен қоғам үшін ғана маңызды емес, сол елдің дамуы мен елдегі жастар саясатын қалыптастыруда да өзекті. 2016 жылдың 15 шілдесі күні Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған «Дүниежүзі жастары туралы репортажда» бүкіл әлем бойынша жастардың экономикалық-қаржылық жағдайының көңіл көншітпейтіні, саяси істерге қатысуға деген ынта-пейілі төмен екендігі айқын көрсетілді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
«Менің Елім, Менің Қазақстаным» эссе ПОМАГИТЕ
Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Ол – ән, ол – жыр, ол – әдемілік, ол – асыл арман, ол – шалқыған шаттық, ол – көркейген сәулет! Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйтқысы да – осында. Бейбітшілігіміз де, жақсылығымыздың да, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.
Менің елім, туған жерім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алары хақ. Сонау ұлан-байтақ жері Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Осындай аймағы кең, қойнауы қазынаға толы әрі құнарлы жерімізге кімдер көз салмады десеңші?! Олар қазақ жерін басып алу үшін қаншама рет шабуыл жасап, елімізді тыныш қоймады. Бірақ мықты, батыл ата-бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, талай рет тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың арқасында біз байтақ жерде, құт мекенде еркін көсіліп, жайланып жатырмыз. Қасиетті жеріміздің иесі – олардың ұлы ұрпақтары жетіп отырған бостандық туын биікке желбіретіп, ары қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Объяснение: