Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: толғау, жырау, кейіпкер, автор бейнесі,образ, көбе, шапшақ, бұздай, қом. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Арғымақ мінген, көбелер киген, арулар құшқан, соғысып өлген
meu72
18.09.2021
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл. Астана қазақты ғаламға, Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.
Maly01984489
18.09.2021
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Это вторая Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдыңқарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майорИ.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенантБауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтыңМәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шы
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Толғауда көтерілген әлеуметтік-қоғамдық тарихи оқиғаларға тоқталып, пікірлеріңді білдіріңдер. И ПАЛУЧИ
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: толғау, жырау, кейіпкер, автор бейнесі,образ, көбе, шапшақ, бұздай, қом. Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Арғымақ мінген, көбелер киген, арулар құшқан, соғысып өлген