Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5-тапсырма. Топтарға бөлініп, сұрақтарға жауап бер. 1. Мәтінде қандай тірек сөздер бар?9. Мәтін бойынша рухани денсаулықтың мәні неде деп ойлайсың?3. «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал нені білдіреді?4. Адамның денсаулығын нашарлататын қандай нәрселер бар?
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.
(160 сөз)