. Диана Сеттерфилд «Он үшінші ертегі»
Готика стиліндегі қызықты оқиға. Кітапты оқып отырып мистикалық, тылсым атмосфераға енесіз. Ескі жекежай, отбасылық құпия, елестер мен тағдырдың қулығы... Нағыз айлалы сюжетті жақсы көретін жандарға арналған.
2. Иэн Макьюэн «Амстердам»
Адамның айналасындағыны жаман жаққа өзгертуі мүмкін екендігі баяндалған. Газет редакторы әйгілі ме, әлде композитор ма? Оқып отырған кезде ерекше әсерге бөлейді.
3. Дуглас Адамс «Галактикаға автостоппен»
Алғашқы сөздерінен-ақ оқырманды баурап алатын кітап. Юморға құрылған сюжетінің құндылығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Оқыған кезде зеріктірмейтін классикалық фантастика.
4. Джон Фаулз «Коллекция жиюшы»
Сүр бойдақ жігіт күтпеген жерден лоторея билетінен көп ақша ұтып алады. Қызық, ол оны қалай жұмсайды екен? Көбелек жинаушы сұлуға ғашық болып, артынша махаббат хикаясы басталады. Махаббат оның өмірін жақсы арнаға бұра ма, әлде өзге жолды таңдай ма?
5. Виктор Пелевин «Омон Ра»
Кітаптың шынайылығы соншалық, автор оқиғаны шынайы өмірден алғандай көрінеді. Ал егер рас болса ше? Пелевин көтеретін тақырыптар әдеттегідей маңызды, әрі барынша толғандырады. Философиялық туындыны бірнеше сағаттың ішінде оқып шығуға болады.
6. Джейн Остин «Абырой мен жалған сенім»
Кітаптан көне Англия мен оның заңдарының иісі аңқып тұр. Оның мұнша атақты болуының себебі неде? Кітапта а ортақ тақырыптар баяндалған. Махаббат пен тәкаппарлық сезімдері айқасқа түседі. Анасы қыздарын бай адамға тұрмысқа шығаруға асығады. Бірақ көзі ашық, көкірегі ояу Элизабеттің көздегені байлық емес... Оны сүйіктіңізге сыйлауыңызға болады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Выразительно прочитайте стихотворение, выпишите ключевые слова.
Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда.
1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.