Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматықаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан,Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақстанда ауаның температурасы 1936 жыл мен саластырғанда 2005 жылы біршама жоғарылаған. Ауа температурасы 10 жыл сайын 0, 31 С градусқа жылынған. Соңғы 50 жылдаІле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтар 41 пайызға азайған. Ғалымдар «күн осылайжылына берсе, ХХІ ғасырдың ортасында орташа температура Цельсий бойынша, 6 градусқакөтерілуі мүмкін» деп жорамалдайды. Бұл жорамал шындыққа айналса, Қазақстан үшін үлкенапат болады. Бүгінде жеріміздің 75%-ы экологиялық өзгеріске ұшыраған. Мұздықтардыңазаюы таулы өзендердің ағысына әсер етіп, су қорының тартылуына әкеліп отыр. Соныңсалдарынан еліміз Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайға су мәселесі бойынша тәуелді болып отыр.Ғаламдық жылыну жаңбырдың мөлшеріне, ауыл шаруашылығына кері әсер етуде.Қазақстан жерінің үштен екі бөлігі шөлейттенген. Полюстердегі, экватордағы температураныңәртүрлі болуына байланысты әлемде ауа алмасуы жүреді. Полюстердің жылынуы ауа алмасуынтөмендетеді. Сондықтан кей жерлерде қатты ыстық болса, кей жерлерде тропикалық жауынжауады.Қазақстанның климаты мен табиғаты әр алуан. Еліміздің ауыл шаруашылығы, энергетика, су ресурстары метрологиялық болжамдарға байланысты. Ауа райын бақылайтын құралдартабиғат құбылыстарын болжауға мүмкіндік береді. Уақытында айтылған болжам арқылыапаттардың алдын алуға болады. Табиғи апаттардың алдын алу - мемлекетті күшейтудің бірЖОЛЫБа з материалдарына