Объяснение:
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.
Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.
«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».
Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді.
Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.
Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Буын үндестігіне сай келмейтін қосымшаны табыңыз. А) Самалды.B) Кітаптар.С) Өңір. D) Дәлдікке.E) Күнәлар. 2. Буын үндестігінің ережесін анықтаңыз.А) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.B) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жуан болып үндесуі.С) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жіңішке болып үндесуі. D) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай ашық болып үндесуі. E) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай қысаң болып үндесуі. 3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.А) -тар, -лер, -паз.B) -қой, -мен, -лық.С) -дық, -дік, -хана. D) -нікі, -ов, -тал.E) -пен, -лы, -қой.4.Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз. А) Алатау, ала-құла, ырың-жырың.B) Қалғып-шұлғып, шым-шытырық, қолқанат.С) Сап-сары, іс-міс, жігіт-желең. D) Аққұтан, азық-түлік, кәріқыз.E) Атамекен, ауыл-үй, жай-күй. 5. Септік жалғауы дәнекер «і» дыбысы арқылы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.А) Парашют.B) Парк.С) Томск.D) Хирург.E) Тарих.6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз. А) Далалық.B) Әкетай.С) Жұмысшы. D) Орындаушылар.E) Көркемірек. 7. Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.А) Болатқожа, Алшағыр.B) Таңшолпан, Дәмежан.С) Ханшайым, Зәмзагүл. D) Сәрсенбек, Ауданбай.E) Айдархан, Әубәкір. 8. Қатаңға аяқталған сөздердің соңғы дыбысын өзгертетін қосымшаны табыңыз.А) Жіктік жалғауы.B) Тәуелдік жалғауы.С) Септік жалғауы. D) Көптік жалғауы.E) Сөз тудыратын жұрнақтар.9. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.А) Тамшыдан тама-тама дария болар.B) Терең құдықтың суы тәтті.С) Көптің құрығы ұзын. D) Көп жүрген жер көңілді.E) Сараңдық пен арамдық ағайындас.10.Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.А) Зыт, қаш.B) Тарт, жар.С) Ор, құлат. D) Кеп, жап.E) Жат, сат.11. Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.А) Арықтың жілігі татымас.B) Тату үйдің тамағы тәтті.С) Қымызы бар үйдің қызығы бар. D) Жұмысы бағу еді.E) Піл көтермегенді тіл көтереді. 12. Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.А) Ала-құла, іске қосу.B) Асқан сұлу, келген еді.С) Орамжапырақ, қылшық-қыбыр. D) Қақ төрі, алып кет.E) Қосымшасы бар, жазғы леп.13. Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.А) Ережеге сай айтылу.B) Түбір мен қосымшаның үндестігі.С) Дыбыс үндестігі. D) Буын үндестігі.E) Орфографиялық норма. 14. Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.А) Алағ-жұлақ, бөлтірік, бір тектес.B) Бірыңғай, ата тек, шаң сорғыш.С) Тауқымет, төрттаған, сүт қоректі. D) Қараөзек, қара шымшық, шай қурай.E) Бойтұмар, айы-күні, алакөз.15. Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.А) Көл жағасынан құдық қазба.B) Үйінде озған – түбінде озар.С) Ақыл – бастан, асыл – тастан. D) Ақыл айтсаң – батыл айт.E) Егінші – мәрт, жер – жомарт. 16. Түбір сөзді табыңыз.А) Ақтау.B) Дидар.С) Орманшы. D) Қосымша.E) Бөлгіш.17. Түбірдің ережесін анықтаңыз.А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек. D) Қосымша жалғанған бөлшек.E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.18. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.А) Қасиеттер, парасат.B) Сөздік, малақай.С) Әділет, дәреже. D) Шұңқыр, домалақ.E) Бөлшек, жақсылық.19. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.А) - лық, -лік.B) - -гер, -паз.С) - сыз, -сіз. D) - ырақ, -ірек.E) - шы, -ші.20. Туынды түбірлерді анықтаңыз.А) Негізгі, мекені. В) Өнім, жолдастық.С) Тәрбие, сөздер. D) Береке, көрімдік.E) Елдік, баласы.21. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.А) Ағажан, әкетай.B) Адалдық, рақымсыз.С) Әлдірек, кеңдеу. D) Жүрек, нашар.E) Кес, кесер.22. Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.А) Кең өріс, балық шаруашылығы.B) Қағаз бастылық, қалжың бас.С) Дүние жүзі, бос сөз. D) Ала аяқ, ал қызыл.E) Ат спорты, ат жарыс.23. Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.А) Орынбасар, ешқашан, бүгін.B) Сөзжұмбақ, Алакөл, ақсүйек.С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын. D) Алтыбақан, асқазан, қаптесер.E) Тоқішек, кейбіреу, қыстыгүні.24. Кіріге біріккен қатарды көрсетіңіз.А) Әнеугүні, көкжөтел.B) Білезік, әпер.С) Өнеркәсіп, биыл. D) Жағажай, саябақ.E) Абайтану, әркім.25. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.А) Аб жылан, ақ сұңқар.B) Ағаш өңдеу, адал бақан.С) Сықпа құрт, суық хабар. D) Сән құмар, сасық кеуде.E) Патша ағзам, мүйіз шақша.Осы тестка комектесиндерш
1-а
2-с
3-е
4-D
Қалғанын білмеймін.