re-art
?>

Сәні мен салтанаты жарасқан қазақ көші эссе тз

Казахский язык

Ответы

Anastasiya81
Абайтану мәселесі жылдар бойына зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Қазақ әдебиеті туралы сөз қозғаған зерттеуші, ғалым, ақын, жазушылар сөзінің біссімілләсін Абай шығармашылығынан бастайтыны көзі қарақты оқырман қауымға әбден таныс. Себебі, ғалым Б.Майтанов айтқандай, қазақ терең ойлы, сауатты да алғыр, талантты да шешен ақынға кенде болмаған. Алайда, талғампаз тағдыр сөз өнерінің мұзарт шыңына Абайды ғана көтерді. Абай шығармашылығы туралы революцияға дейінгі жазылған азды-көпті мақалалардан бастап қаншама зерттеу мақалалар, монографиялар, диссертациялар жазылды. ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, К.Ысқақұлы, М.Дулатов, т.б. Абай шығармашылығы туралы жоғары баға берді. Сонан кейінгі жылдары М.Әуезов Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл саналы ғұмырын арнап, абайтану ғылымының іргетасын қалап кетті. М.Әуезовтен кейін де тәуелсіздік жылдарына дейін кеңестік цензураға қарамай көптеген ғалымдар ақынның өмірі мен шығармашылығы, ойшылдық, көркемдік-эстетикалық көзқарастары туралы (там-тұмдап имандылық ойлары туралы) келелі мәселелер көтеріп, жанжақты зерттеулер жүргізді. Бұл жөнінде зерттеуші С.Қорабаев: «Әуезов заманында және Әуезовтен кейін С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Б.Ерзакович, Қ.Мұхамедханұлы, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, З.Ахметов, А.Нұрқатов, С.Қирабаев, М.Мырзахметұлы, Р.Сыздықова, Ж.Ысмағұлов және т.б. әдебиеттанушы, тілші, өнертанушы-ғалымдар және гуманитарлық ғылым салаларының өкілдері абайтану ғылымына өзіндік үлес қосты», деген ой айтады. (С.Қорабай Тәуелсіздік және абайтану ⁄⁄ «Егемен Қазақстан» )
shoko91
Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сәні мен салтанаты жарасқан қазақ көші эссе тз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

dm1trviktor585
Vasilisan
tatiyanabe2013727
bd201188
makashi28
Евгений1286
борисовна Елена78
Taurus59707
sergeymartyn56
hristos1212
kozak8824
Mariya Filippov
olyaartemenko
dimkimka386
dimon198808744