-Сәлеметсіз бе!
- Қайырлы күн! Сізге қандай көмек көрсете аламын?
- Сүт өнімдерін сатып алсам ба деп едім? Дәмді ме?
- Ия, әрине. Өте дәмді. Бүгін ғана келді, жаңа дайындалған. Дәмін татып көріңіз, міне, ірімшіктен көріңіз.
- Шынымен де, өте дәмді екен. Маған онда жарты келі (кг) ірімшік, бір келі қаймақ, екі литр сүт беріңізші.
- Жақсы... Міне, ірімшік, қаймақ және сүт. Сізден барлығы екі мың теңге.
- Міне, алыңыз.
- Саудаңызға көп рахмет. Келіп тұрыңыз, аптасына екі рет жаңа өнімдер түсіп түрады.
- Сізге де рахмет! Міндетті түрде тұрақты тұтынушыларыңыз боламыз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
А) Какую комбинацию этих четырех веществ ты бы осуществил, чтобы показать, что цинк (Zn)менее активен, чем алюминий (A)?
Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.