Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Объяснение
Роза Қуанышқызы Рымбаева (28 қазан, 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе станциясында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды
Биографиясы
Роза Рымбаева Шығыс Қазақстан обылысындағы Жаңғызтөбе станциясында теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Найман тайпасының Бура руынан шыққан.[1][2] 1974 жылы Семейдегі музыкалық училищеге түсіп, мұнда 3 жыл оқиды. Бұдан кейін Алматыдағы театралдық-көркем өнер институтында оқып, оны 1984 жылы тәмамдайды. Алматы қаласындағы театрлық көркемдік институттың музыкалық драмалық комедиясы факультетін бітірген.
1976-1979 жж. Республикалық Гүлдер жастар – эстрадалық ансамблінің солисі, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алады. 1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталады. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алады. 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Алалы жылқы, тілін ашып беру, қара таныту, ақтылы қой, қоныртөбел шаруасы балалар, сапты аяқтық айраны бар кедей, қолдағы барымен дастархан жасау, көзі қарақты болғандар сөйлем құрау
Мен ауылда алалы жылқы мен ақтылы қой көрдім.