1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
deniskotvitsky56
15.10.2020
Мен ержеткенде үлкен мамандық иесі болғым келеді.Өзімнің таңдаған мамандығым ол-дәрігер.Мен дәрігер болған кезде ,балаларды емдегім келеді сонымен қатар үлкен ата-әжелердің де аман жүргенін қалар едім.Олардың аман сау жүргені мен үшін үлкен қуаныш болар еді.Жалпы осы мамандықты таңдаған себебім ата-анамның менің жанымда ойнап-күліп жүрсе деймін.Егер елімізде дәрігерлер аз болса,онда халықты кім емдейді?Сондықтан да,аз да болса медицина саласына үлесімді қосқым келеді.Дәрігер мамандығы үлкен жауапкершілікті,ептілікті соным қатар сабырлылықты қатты қажет ететін қиын да,қисынды мамандық. (8 предложений)