ответ:1. Себебі ,ол бие құлындаған кезде құлындары жоғалып кете беретін.сол үшін Кендебай буаз биенің қарнын жарып құлынын алды.
2.Себебі қойшы баланы басқа адамдар қой бағып жүргенде алып кетіп қалған.Кендебай баланың мұңын естіп ,оның ата анасын іздеді.
3.Керқұла атқа тіл бітуінің екі себебі бар.біріншісі-бұл қиял ғажайп ертегі,екіншіс-ол Кендебайға жол көрсету керек екенін түсінді.
4. Кендебайдың жетібасты дәу мен арыстанды жеңуі оның қайсар ,ержүрек,өзін емес өзгені ойлайтынын байқауға болады.
5. Бұл ертегі қиял ғажайп ертегі.Себебі мұнда жануарлар сөйлей алады,адам минут сайын өседі,жеті басты дәу ,жалмауыз кемпір деген кейіпкерлер ба
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1.Мәтінмен жұмыс: 1 Мәтіндегі стиль түрлерінің қайсысы жаныңа жақын? 2 Сәнді аксессуарларға нелер жатады? Ілгерінді ықпал. Сөз бен қосымша, сөз бен сөз аралығындағы алғашқы дыбыстың соңғы дыбысқа әсер етіп, өзіне ұқсатуын ілгерінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаңға аяқталса, онда оған жалғанатын қосымша да қатаң дыбыстан басталады. Мысалы; қасық-тар, қызмет-ші Сөздің соңғы дыбысы ұяң дыбысқа аяқталса, онда оған жалғанатын қосымша да негізінен ұяң дыбыстан болады. Мысалы: қыз-дар, сөз-дер Сөз соңы ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с дыбысынан басталса, ол ш дыбысына айналады, ал жазуда с аяқталады. Мысалы: ішсін-ішшін Сөз соңы дауысты дыбысқа немесе ұяң мен үндінің біріне аяқталса, онда оған жалғанатын қосымша қатаң қ, к дыбыстарынан басталса, ол айтылуда ұяң г, ғ айналады. Мысалы: Қаракөз-Карагөз, Алдыңғы сөз қатаң дауыссыздардын біріне аяқталып келесі сөз ұяң б дыбысынан басталса, ол айтылуда қатаң п дыбысына айналады. Мысалы; Айтбек-Айтпек.
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі. Бала еңіреп жылап жүр екен. Кендебай жетіп келіп:
- Көзің жасты, көкірегің қайғылы не еткен жансың? - деп сұрапты.
Баланың басы таз, киімі өрім-өрім екен.
- Ардақтаған анаңды алса, төгілмей ме ырысың. Асқар таудай әкеңді алса, көрген күнің құрысын! - деп қоя беріпті бала