Ананян Иван1281
?>

Артемида ғибратханасы 2. Негізгі ақпараттарды пайдаланып, мәтінге қарапайым жоспарқұрыңдар.​

Казахский язык

Ответы

suturinavaleriya51

Тараз қаласы – тарихтың даму барысында өзіндік ерекшілігі бар көне қалалардың бірі. Сан ғасырлар тарихтың құпиясын бойына жиып жатқан осы қала туралы парсы тілінде жазылған көне жазбаларда деректер сақталған. Оларда қаланың атауы «Тараз», «Талас», «Банки», «Ианги» немесе «Ианки» деп аталғаны жөнінде мәліметтер кездеседі.

Сол замандардағы Тараз қаласына келіп-кеткен тарихшылар, географтар, жиһанкездер бұл қала туралы өз ойларын қағаз беттеріне түсіріп тамсана жазғандары бізге жетіп отыр. Алғаш Тараз қаласы туралы 568 жылы жазбаға түскен Византиялық деректен кейінгі 630 жылы қалаға келген қытайлық монах Сюань Цзян: «Таразда әртүрлі елдердің көпестері тұрады» деп суреттесе, ІХ ғ. бірінші жартысында өмір сүрген математик және географ Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми «Китаб сурат ал-ард» атты шығармасында: «Тараз – бұл көпестер қаласы» деп жазған. Ал Араб саяхатшысы Абу-Қасым ибн Хау-каль: «Тараз – мұсылман түріктердің сауда жасайтын орны, одан ары ешбір мұсылман бармайды, себебі оның шекарасынан кім өтсе, қарлұқтардың шатырына (қонысына) тап болады» деп жазған. Тағы бір Арабтың көрнекті географы Мұхаммед ибн Ахмед әл-Макдиси: «Тараз – үлкен бекіністі қала, көптеген бақтары бар, тығыз қоныстанған, оның оры, төрт қақпасы бар және рабад орналасқан. Медина (шахристан) қақпасы алдында үлкен өзен (Талас), оның арғы жағында қаланың бір бөлігі, оған қарай өткел бар. Жұма мешіт базар ортасында» деген. Махмұд Қашғари болса «Диуани лұғат-ат-түрік» атты еңбегінде: «Талас – Тараз атауымен белгілі қала. Олар екеу: оның бірі – Ұлығ Талас, яғни үлкен, екіншісі ислам шекарасында – Куми Талас» деп жазады. Міне, осылайша Тараз қаласына қатысты көптеген деректерден қаланың сол кездегі бейнесін анық көреміз.

Бірақ ешқайсысы қаланың нақты орны туралы ешқандай дерек қалдырмаған. Тек Л.Н.Гумилев қана өзінің «Хундар» атты ғылыми-зерттеу кітабында: «Талап алынған мол олжаны енді сақтайтын орын қажет болады. Талас өзенінің алқабынан Шөже өзі мен әскеріне арнап бекініс салдырады. 500 адам он екі жыл бойы салады. Ол жер дуал мен күзет мұнаралары бар екі қабат ағаш қабырғамен қоршалады, осыдан-ақ, бұған Римнің қорғану бекіністерін салу тәжірибесі әсер еткені байқалады. Бұл бекіністің гарнизонында жүзден аса жаяу әскер тұрған, олар римдіктер болған деседі» деп, Хун Тәңірқұты Шөженің көне Тараз қаласын қалай және не үшін салғанын атап өтеді. Бұл – біздің заманымызға дейінгі шамамен 40-шы жылдар болатын. Міне осы кезден бастап Көне Тараз қаласының тарихы басталады. Бірақ, сол кездегі Қытай империясының Шөжені бағындыру мақсатында Чэнь Тань сияқты тәжірибелі де білікті қолбасшысы басқарған көп әскер жіберіп Шөжені талқандауы барысында б.з.д. 36 жылы Тараз қаласы да қирап тынады. Алайда Тараз қаласы мүлдем жойылып кетпеді. Қираған қала қаншама уақыттардан соң басын қайта көтеріп, VI ғасырдағы Түрік қағанаты кезінде қайта гүлдене бастайды. Бірақ бұл кезде қаланың атауы өзгеріп, Талас қаласынан Тараз қаласына айналған болатын. Сөйтіп алғаш рет Тараз қаласы 568 жылы Византиялық жазба дерекке түседі. Дәл осы уақытта Византия Парсыларға қарсы одақтас табу үшін Земарх бастаған елшілерін, Шығыста дүркіреп тұрған Батыс Түрік қағанына жібереді. Міне осы елшілерді Византия тарихшысы Менандрдың айтуы бойынша Түрік қағаны Естеми (Дизабул) Тараз маңындағы ұлы ордасында қабылдайды.

Осыдан кейін-ақ көптеген ортағасырлық тарихшылар, географтар, саяхатшылар Тараз қаласы жөнінде өздерінің жазбаларына түсіре бастаған. Себебі, бұл қала сол кездегі Ұлы жібек жолындағы ірі қалалардың бірі болып және қалада сауда-саттықтың өркендеп дамуы да әсер еткені байқалады. Ортағасырлық Батыс Түркі, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан қағанаттарының саяси-мәдени және стратегиялық бекініс орталығына айналып, Шығыс пен Батысты байланыстырушы қала ретінде маңызды рөл ойнады. Әсіресе, 10-12 ғ.ғ. гүлдену мен өркендеудің биік шегіне жетіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен сауданың қанат жайған негізгі көзі болды. Сол дәуірдегі Қазақ қалаларының дамуы түп негізін Сақ, Үйсін, Қаңлы, Хун тайпаларының өрлеу мәдениеттерінен алып, одан кейінгі Түрік, Қарлық, Оғыз, Қаңлы, Қыпшақ, Қарахан қағанаттарының саяси дамуымен тікелей өркендеткені анық. Оның үстіне Тараздың Ұлы жібек жолының бойында орналасуы да қаланың өсіп-өркендеуіне және саяси маңызының артуына қатты әсер еткені де белгілі. Қаланың өсіп-өркендеуіне қарай, Тараз маңынан алыс сапардан келген керуеншілердің дамылдап тоқтауы үшін, ішінде қонақ жайы мен демалатын орындары бар «Төрткүл» атты керуен сарайлардың арнайы салынуының өзі бұл қаланың саяси маңыздылығының артқандығын көрсетеді. Одан кейінгі Тараз қаласының дамуы 13 ғасырдың ауыр дүрбелеңіне айналған моңғолдардың шапқыншылығына байланысты өрбиді.

Varezka86179

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. 


Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. 

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Артемида ғибратханасы 2. Негізгі ақпараттарды пайдаланып, мәтінге қарапайым жоспарқұрыңдар.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*