Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Шоқанның келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ұштауда Омбыдағы Кадет корпусының орны ерекше. Кадет корпусына алғаш келген кезде орыс тілін білмейтін Шоқан аз ғана уақыттың ішінде өзгелерден анағұрлым озық тілді меңгеріп алған. Шоқанның ерекше қабілеті өзі қатарлас достарының ғана емес, таңдаулы ұстаздарының назарын өзіне аударды. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Осы оқытушылардың әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген. Шоқанның зерттеушілік қабылеті корпуста оқып жүргенде оянған. Жазғы демалыс уақытында ол ел ішіндегі аңыз әңгімелерді, халық жырлары мен поэмаларын жазып алумен шұғылданған. Мысалы, Шоқанның алғашқы жазып алған шығармаларының ішінде «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры болған. 1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.Н.Березинмен танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Шоқанның сабақтан тыс уақытта көп оқып, зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кезеңдегі саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектер болған. Мұның өзі оған қатты әсер қалдырады. Ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етеді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Осыдан кейін ол «Тәңір (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектерді жазады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады. Осы сапарлар барысында «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары бағаланған туындылар болып есептеледі. Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне салынған жол деп біледі. Сонымен қатар оны өз халқының құндылығымен, тіршілігімен байланыстыра дамытады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Куй анызда коркемдегиш куралдар (перефраз), гротеск и психологиялык параллелизм
таэквондо уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
таэквондо кәрісше 태권도, 跆拳道 - [тхэгвондо]) шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. кәріс халқының ұлттық спорты ретінде мәлім.
2000 жылдан бастап олимпиядалық спорт түрі болып саналанады. таэквондо бір жағынан ежелгі спорттың түрі, екінші жағынан заманауи күрес жүйесі болып табылады. таэквондо ежелгі кәріс қағидаларына, ежелгі күрес түрлеріне сүйінеді. бірақ қазіргі таңда таралған таэквондоның қалпы 20-ыншы ғасыр шамасында пайда болған.
таеквондода спортшының аяғы мен қолы қатар жұмыс істейді, мақсаты жарыс ережесіне сай келетін әдістерді пайдалана отырып жеңіске жету. таеквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы не нәрсе жасаса да ойланып барып орындайтын .
тарихы
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін азат етілген кореяда күрестерге қойылған тыйымдар күшін жойды.1945 жылдан бастап корей шеберлері сеулге оралып, квон жүйесі бойынша жеке дара жаттығуларын жалғастыра бастады. әрқайсысының жеке дара стилі болды. квонды жақсы меңгергендер- чан му квон , чи до квон, кан ду квон, сон му квон , му ду квон.1958 жылы генерал чой хон хиге оңтүстік кореяның вьетнамға баратын әскери делегациясын басқару туралы нұсқау берілген. содан ол әскерлерге спорттың осы түрінен сабақ беріпті. тэквондо-аяқ пен қолды шебер қимылдатудың ерекше формасы. бұндай анықтаманы ол оңтүстік кореяның бұрынғы президенті ри синманаға берген. осылайша 1859 жылы таэквондо оңтүстік кореяның әскери базасына алғаш рет ресми таныстырылды. кейіннен әскери қызметкер, генерал чой назвал ох до квон бұл үрдісті шебер жалғастыра білді.1960 жылы сәуір айында ри синмана басқаратын үкімет құрамы өзгеріске ұшырайды. бұл кезеңде елде дж. м. чан басқаратын азаматтық үкімет құрылған. төңкеріс 1963 жылға дейін жалғасты. билік өзгергеннен кейін жаңа әскери жасақтың бастығы генерал парк чул хи кез-келген күрес ойындарын дереу тоқтатты. дегенмен 1961 жылы өткізілген конференцияда бұған спорт шеберлері қарсылық танытты. наразылықтың арқасында тусудо қауымдастығы құрылды. бұның құрамына кореяның атлеттер одағына кірді. алайда, әскери күрес сынды спорт түрлері үкіметтің қатаң бақылауында болды. қауымдастық тэквондо және суот консудо и тансудо деген спорт түрлеріне қолдау көрсетті.1965 жылы корейскую таэквондо ассоциясы жеке дара құрылды. спорт шеберлері мен әскери қызметкерлер үкімет басшысы қолдау берген генерал чойдың қалыптасқан әдістерді жаңартып ойлап тапқан жаңа формасына қарсылық білдіргендер болды кейіннен чой таэквондодан халықаралық қауымдастық құрды. (itf). чойдың орнына келген парк чул хи саяси баспананы канадан іздеуге тырысты. солтүстік кореяны аралаған ол таэквонданы кореяның артықшылықтарының бірі деп насихаттады. кореяның таэквондо қауымдастығының елдің әскери құрылымының қалыптасуына да көп көрім септігін тигізді.1972 жылдың желтоқсан айында кореяның таэквондо қауымдастығы палгуэ атты жаңа форманы бағдарламаға енгізді.1972 жылы сеулде куккивоннан академиялық мектеп ашылды. 1973 жылдың мамыр айында таэквондодан алғашқы әлем чемпионаты тұсауын кесті. ал, 1976 жылдан бері спорттан халықаралық атқару комитеті таэквондоны оңтүстік кореяда ресми спорт деп мойындады. кейіннен wtf монреалда (канада) халықаралық спорт федерациясының басты қауымдастығында тізімге тіркелді.1960 жылы халықаралық олимпиадалық комитет таэквондоны спорттың «а» класының қатарына қосты. 1980 жылы 17 шілдеде мәскеуде өткен халықаралық олимпиада комитеттің 83-сессиясында таэквондо спорттың бір түрі деген мәртебе алып, 1988 жылғы олимпиада бағдарламасына енгізілді. содан бері таэквонда әлем чемпионатында елеулі орын алып келеді.