1) Зат есім – заттың,ұғымның,құбылыстың атын білдіретін сөз табы.Сұрақтары:кім?не?кімдер?нелер? Мысалы:бата,ата-ана,оқушы, баспалдақ,қуаныш,үй т.б.
2) Етістік – заттың іс-әрекетін,қимылын білдіреді.Сұрақтары:не істеді?не қылды?қайтті? Мысалы:айтпады,аяқта,уәде берді,үй өртенді,өшірді т.б.
3) Сан есім – заттың санын,ретін білдіреді.Сұрақтары:неше?қанша? нешінші?нешеу? 6 мағыналық түрі бар:есептік,реттік,жинақтық,болжалдық,топтау,бөлшектік сан есімдер.Мысалы:жиырма үш,оныншы,екі жарым,қырықтай,біреу т.б.
4) Сын есім – заттың түрін,түсін,сапасын,салмағын,көлемін білдіретін сөз табы.Сұрақтары:қандай?қай? Мысалы:бойшаң,қызыл,көшпелі, көкпеңбек,ауыр т.б.
5) Есімдік – зат есім,сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы.Сондықтан да ол "орынбасар сөз табы" деп те аталады.Мағынасына қарай 7 түрі бар:жіктеу,сілтеу,сұрау,өздік,жалпылау, белгісіздік, болымсыздық есімдіктері.Мысалы:сен,мынау,қайда,өзім,барлық, қайсыбір, ештеңе т.б.
6) Одағай – дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз табы.Мағынасына қарай: көңіл-күй,жекіру,шақыру одағайлары деп бөлінеді.Мысалы:алақай,тәйт,шөре-шөре,қап т.б.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Әлемде ғажайып көп. Бірақ бәріне танымал жеті ғажайып бар. 2007жылы әлемнің ғажайыптары жаңартылған болатын және олар: Колизей, Ұлы қытай қорғаны, Мачу-Пикчу, Петра, Тадж-Махал, Құтқарушы Иса пайғамбардың мүсіні, Чичен-Ица. Бұл ғажайыптар әлем бойынша ғана және біздің Қазақстан секілді басқа мемлекеттерде өздерінің ғажайыптары ретінде қабылданатын ғажайыптары бар деп ойлаймын. Бірақ қазіргі уақытта біз ғажайыптарды туристер ретінде барып көре алмаймыз себебі кәзіргі кезде әлем бойынша жаман індетпен ауырған адамдардың саны көбейіп келеді және де біз оның жұқпауына көмектескіміз келсе ғажайыптарды көруден уақытша бас тартуымыз керек!