Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлық қасиетімен таңғалдырады. Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне «Ассалаумағалейкум!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған «Уағалайқұмассалам!» деп жауап қатады. Жас адамның үлкен кісінің алдын кесіп өтуі көргенсіздік деп есептелінетін. Жасы кішілердің жасы үлкендерге дауыс көтеруіне барып тұрған әдепсіздік ретінде үзілді-кесілді тыйым салынатын. Әңгіме үстінде жасы үлкен кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмейтін. (115 сөз) 1. Қазақтар қандай қасиетімен таңғалдырады? (Каким качеством удивляют казахи?) А) қонақжайлық В) амандасу С) кісінің сөзін бөлмеуі D) үлкендерге дауыс көтермеуі 2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. (Определите основную мысль текста.) А) үлкенді сыйлау В) баланың өмірге келуі С) қазақтың салт- дәстүрі D) қазақтың қонақжайлылығы 3. Қазақ халқының ерекше бір дәстүрін көрсетіңіз. (Укажите особую традицию казахского народа.) А) дәм ауыз тию В) үлкен кісінің сөзін бөлмеуі С) қыз балаға құрмет D) мәдениетін құрметтеу
Эссе
Көне ескерткіштер - дала көркі.
Ескерткіштер - қай халықтың болмасын өшпес қазынасы.Ата-бабамыз кең даламыздағы көне ескерткіштерді көздерінің қарашығындай сақтасын деп мұра ретінде бізге,жас ұрпаққа,аманат етті. Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал соның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді.Біз үшін бұл үлкен мақтаныш.
Ескерткіштер түрліше болады. Ескерткіштерді негізгі төрт түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер,тарихи ескерткіштер,сәулет өнері ескерткіштері, монументтік ескерткіштер.Сондай-ақ,ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.Сонау дәуірдегі Орхон ескертіштерінен бастап,Арыстан Баб,Қожа Ахмет Ясауи,Айша Бибі,Алаша хан,Қарахан,Жошы хан кесенелері мен күмбездері,обалар,малта тастар мен археологиялық қазбалар - бәрі-бәрі осынау қазақ даласының әшекейлері.
Шоқан Уәлиханов бір сөзінде: «Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ» деген екен.Шынымен де,олар сол заманнан мол мәлімет беріп қана қоймай,біз ғана емес шет елдік туристер де ағылып келетін көненің көздері ғой.Осындай ескерткіштерімізді сақтау - біздің борышымыз деп білемін.