Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Дәл осылай уикипедияда анықтама беріліпті. Алайда салт дегеніміздің өзі – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелермен байланысты көрініс береді де біртіндеп ауыл-аймақ, ру-тайпаға ортақ рәсімге (ритуалға) айналады.
Ал дәстүр – қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған. Топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет, заңын марапаттайтын рәсім. Сонымен қатар дәстүр – тарихи тұрақтанған. Қоғамдық қарым-қатынастың нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.
Біз бейбіт елдің ұландарымыз
Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтін бойынша 3 сұрақ дайындаңыз
1)Неге африка елдерінде халық саны өсуде?
2)Қоршаған ортаны жаман энергиялардан қалай тазалауға болады?
3)Энергияны үнемдеп жүрсек не болады?
Думаю что помагла.