Мен теледидар көремін.
Сабақ оқып, үй шаруасына көмектесуден қолым бос кезде теледидар көремін. Апта күндері мен уақытқа байланысты түрлі арналарда неше түрлі бағдарламалар көрсетіледі. Солардың ішінде менің сүйікті бағдарламам «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы күнделікті таңертең сағат жеті мен онның арасында болатын - «Таңшолпан» ақпаратты – сазды бағдарламасы. Күнделікті үзбей көруге тырысамын. Бұл ауқымды бағдарламаның түрлі қызықты айдарлары бар. Мысалы, «қызықты ақпарат», «ба зге шолу» және «қазақ жері» айдарларын аса зор ықыласпен тамашалаймын. Сонымен қатар эфирге шақырылған қонақтардың сұхбатын да тыңдағанды ұнатамын.
«Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді және бағдарлама жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. Мен тіпті бірнеше мәрте бағдарламаға хабарласып, сауалдарға жауап беруге тырысқан болатынмын.
Мерекелер қарсаңында көрсетілетін түрлі бағдарламаларды отбасымызбен тамашалағанды ұнатамыз.
Әрине, теледидар көрген кезде демалып, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласаң, сондықтан да басқа шаруаларға да үлгеру үшін, сонымен қатар көздің көруі нашарламау үшін теледидарды күнделікті 1,5 – 2 сағаттан аспайтын уақыт көрген дұрыс деп есептеймін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Айырмашылықты тап. Маршрут Туристік маршрут -Туристік маршрутты құрастыру үшін не қажет?
Жаяу жүру, су немесе велосипедпен жүру сияқты туристік сапарға маршрутты қалай әзірлеуге болады, маршруттар бір алгоритм бойынша жасалады Туристке маршрут құру алгоритмі Сізге саяхат аймағын таңдау керек Қиындық санатын таңдау (біз бұл затты жіберіп алып, кәсіпқойларға тапсырамыз) Маршруттың «барлауын», баратын жерлерін әзірлеу (яғни, біз қалай және қайда баратын жолдың бөлімі) Шамамен жүру уақытын жоспарлаңыз (өнімдер, жабдықтар және т.б. санын жоспарлау үшін жасалған) Бағдардан резервтік нұсқалар мен апаттық шығу жолдарын әзірлеу Саяхат аймағынан түсуге және шығаруға дайындық (егер жоспарланған болса) Бағалардың, бұйымдардың, жабдықтардың, алғашқы медициналық көмек жиынтықтарының сызбаларын құру