edubenskaya
?>

ПО-БРАТСКИ НАПИШИТЕ ЭССЕ Жаһандық энергетикалық дағдарыс.

Казахский язык

Ответы

Владислава531

Вот это кажется правильно если много тебе этого слишком много можешь сократить.

Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгінгі таңда адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы «энергетикалық тоқырау», «энергетикалық қатер», «энергетикалық төңкеріс» атты ұғымдар төңірегінде толғануда.  Тоқырау Жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады. Әлемде мұнай бағасының тұңғыш рет күрт көтерілуі энергетикалық дағдарыс туғызып, бүкіл дүние жүзінің экономикасына әсерін тигізді. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан қарқын алды. Бірақ осы бір оқиға арзан да мол мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқандығын аңғартты. «Жаһандық энергетика дағдарысының болмай қоймайтынын бүгінде барша жұрт толық түсінеді, сондықтан да техника мен ғылым үшін қуат проблемасы алдыңғы қатарға шығып отыр», деп жазды атақты П.Л.Ка­пица 1975 жылы. Иә, көмір адамзат тарихындағы өнеркәсіптік төңкеріс дәуірін бастады. Ал ХІХ ғасырда а электр қуатын ойлап тауып, өнеркәсіптік төңкеріс жетістіктерін еселей түсті. Қолжетімді әрі сенімді көмір, мұнай және газ сияқты қазба отын көздерінің арқасында адамзат ХХ ғасырда энергетикалық молшылық дәуірін бастан кешірді. Оның молшылығы соншалық, жер шарын мекендейтін жеті миллиард халық электр қуатынсыз «шырпы басын сындыра алмайтын» халге жетті. Тіпті, жаһандық ауқымда жарты күн электр энергиясы болмай қалса, техногендік дәуір перзенттерінің тіршілігі толық тұралап қалар еді. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір, мұнай және газ арқылы өндірілетін электр қуаты қамтамасыз етуде.

Объяснение:

Алина Ракитин1730

Менің сүйікті ұстазым.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.  

Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.

Менің сүйікті ұстазым өзіміздің сынып жетекшіміз, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтылы Жақсылыққызы. Апайымыз бізге тек қана сабақ оқытып қана қоймай, сонымен қатар бойымызға ізгі қасиеттерді дарытуда. Мектептегі екінші анамызды әріптестері білікті маман ретінде таныса, оқушылар ізгілі ұстаз ретінде сыйлайды. Бақтылы Жақсылыққызы менің болашақта мамандық таңдауыма үлкен себепші болды, бойыма тілге деген құлшынысымды оятты.  

Осындай егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарымыз көп болса екен деймін.  

hello
Менің сүйікті ұстазым / имя отчество учителя /..Менің ұстазым мейірімді ардақты жан./Имя отчество учителя /бізді білімге баулып ,тәрбие береді,жақсылыққа үйретеді.Менің сүйікті ұстазымның сабақтары қызықты өтеді.Ол өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүретін жан.Болашақта біздің білімді болуымызды қалайды.Сондықтан мен өз үстазым секілді болғым келеді.,Менің ұстазым құрметті, ,ардақты жан.Ол көптеген балалардың сауатын ашып білім беріп ,білгенін оқушылармен бөлісіп жүреді. Менің сүйікті ұстазым маған өте ұнайды,Мен келешекте сүйікті ұстазымның үмітін ақтаймын.Мектепті жақсы бітіріп ,жоғары оқу орнына түсемін.Еліме қызмет етемін.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

ПО-БРАТСКИ НАПИШИТЕ ЭССЕ Жаһандық энергетикалық дағдарыс.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*