Shtorm-Shoe
?>

. Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін (09. mp3) тыңдап, қазақ халқына тән қасиеттерді тауып жазыңдар. Өлеңді жаттапалыңдар.​

Казахский язык

Ответы

Styazhkin395

Өнерлі

Аңғал

Қонақжай

Қолы ашық

Тойшыл

Жомарт

Объяснение:

Қадір Мырза Әли

"Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру"

Е-е-ей!

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,

Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Айхай!

Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.

Е-е-ей!

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.

Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

Қазақ осы - көргенінен танбайтын,

Той-думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы - алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Айхай!

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Е-е-ей!

Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,

Құдаларын құдайындай сыйлайтын.

Қазақ осы - дүние мен малыңды,

Оңды-солды шашу үшін жинайтын.

Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,

Батыр халық, ақын халық - дәл аты.

Қазақ осы - өзімсінген адамға,

Насыбайға бола өкпелеп қалатын.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп, жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

Айхай!

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

k-alexey9

1. Денсаулық жақсы болу үшін спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, жыл маусымына байланысты табиғи дәрімендерді, яғни жеміс - жидек пен көкөністерді көп жеу керек.

2. Денсаулық - біздің басты байлығымыз, баға жетпес құндылық. Оны ешнәрсемен алмастыра алмайсың.

3. Әрбір адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдануды өз қағидасына айналдыруы тиіс.

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру - бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.

5. Денсаулық – зор байлық.

Әуелгі байлық — денсаулық

Екінші байлық — он саулық,

Үшінші байлық — ақжаулық.

8. Шынықсаң шымыр боласың.

9. Дені саудың – жаны сау.

maxborod
   Салауатты өмір салты
Әр адамның өмірде ұстанатын өз қағидалары,өз таңдау жолдары болады.Өмірдің әр бір сәтіне қуанып,көтеріңкі көңіл-күймен,сау-саламат,бақытты өмір сүру үшін әр адам салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн.Салауатты өмір салты дегеніміз не?Салауатты өмір салты дегеніміз ең алдымен-өмірге позитивті жақпен қарай білу.Спортпен айналысып,зиянды әдеттерден есірткі,алкогольді ішімдіктерді,темекіні қолданудан аулақ болып,өзің үшін жақсы жолды таңдау деген сөз,Салауатты өмір сүру жолдары тіпті де қарапайым.Ол  үшін жеміс-жидектер,дәрумендерді жеп,өз денсаулығыңа мән беріп,өзіңді-өзің күтуің керек.                                       Мен де салауатты өмір салтын қолдаймын.Қолымнан келгенше зиянды әдеттерден бас тартамын,кешке дене жаттығуларын жасаймын.Қолымнан келгенше,көңілді жүруге тырысамын.                       Салауатты өмір-өмірдегі басты ұстаным!!     

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

. Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңін (09. mp3) тыңдап, қазақ халқына тән қасиеттерді тауып жазыңдар. Өлеңді жаттапалыңдар.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*