Медеу – әлемге танымал биік тауда орналасқан бірегей спорт кешені. Осы бір тамаша әсем сарай, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктіктегі шатқалдың сұлу көрінісіне әдемі үйлесіп тұр. Шатқалдағы жұмсақ климат, күн сәулеленуінің қалыпты деңгейі, төменгі атмосфералық қысым, сырғанаққа мұз жасайтын тап-таза тау суы оған өте жақсы қасиеттер беріп, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге тамаша жағдай жасайды. Осы жерде 120 – дан астам әлемдік рекордтар жасалды.
Соңғы жылдары спорт кешенінің қызмет аясы кеңейтиілді. Мұнда футболдан, волейболдан, баскетболдан, шорт-тректен жарыстар өтіп тұрады. Медеу спорт кешенінде жүзгіштер, жеңіл атлеттер, балуандар және боксерлер жиындарын өткізеді. Мұз айдынының жанынды жүзу алабы бар, ресторандар мен кафелер жұмыс істейді.
Қазақстан туралы айтқанда, кез келген адамның ойына биік таудағы Медеу мұз айдыны алдымен еске түседі. Бұл кездей-соқтық емес, өйткені бүгінде Медеу спорт кешенінің аты бүкіл әлемге жайылған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
5 - тапсырма . Автор « жақсы » санап отырған « сүйгенін алып қашу » дегенге өз көзқарастарыңды білдіріп , пікірталас ұйымдастырыңдар . ( Пікірталас кезінде бір - біріңді тыңдай білу мәдениетін сақтаңдар . ) Сүйгенді алып қашу жақсы ма , әлде жаман ба ? Жаһандану кезеңінде қай « жақсымызды » рухани жаңғыртуымыз керек ? Өлеңді жаттап , мәнерлеп айтыңдар .
Менің ойымша, бұл "алып қашудың" жақсы да, жаман да жағы болады. Мысалы, біздің салтымыз бойынша қызды алып қашқанда, қыздың ата-анасы егер де жігіт жаққа жоқ деп жауап берсе ұят деп саналады, қыз жағына да, ұл жағына да. Сондықтан жұрттың алдында ұятқа қаламыз деп ата-анасы қызды ол жақсы көрмейтін ұлға да беруі мүмкін. Бірақ бұл тек бір жақтан ғана қарағандағы тұжырым. Жақсы жағынан қарасақ, "алып қашу" салт-дәстүрі ғашықтардың көбісіне көмек тесуі мүмүкін. Мысалы, екі ғашық жан отбасы құруды армандайды, ал олардың ата-аналары олардың отбасы құруына қарсы. Сол кезде жігіт қызды алып қашса, ата-аналар оларға "жоқ" дей алмайды. Осы менің тұжырымдарыма және көз-қарастарыма сүйенсек, менің беретін нақты жауабым жоқ.