Kolokolnikova DANIIL179
?>

Диаграммадағы сұраққа сұраққа жауап бер. жауабыңды дәлелде. перевод​

Казахский язык

Ответы

sorokinae

Туады ерлер, ел үшін

Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің  есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы   1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.  Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын. Қаршадайынан-ақ  жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады. Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. 1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайы айсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды.

Anatolii

Обсерватория (лат. observatіo – бақылаушы) – астрономиялық, физикалық, метеорологиялық, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. Обсерватория астрономиялық бақылау жүргізуге және оның нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеуге арналған аспаптармен, арнаулы лабораториялық құралдармен жабдықталады; мұнаралар мен павильондардан тұрады.Мұнара үстінде цилиндр немесе көпбұрыш пішіндес күмбез, павильонда астрономиялық аспаптарға арналған ысырылмалы қақпақ болады. Оптикалық астрономия аспаптардан үлкен радиотелескоптар ашық далада, ал бақылау аспаптары көбінесе қаладан тыс, теңіз деңгейінен едәуір биік тауларда орнатылады. Обсерваториялар а ң уақытты есептеу, құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне байланысты ежелгі заманда пайда болған. Ежелгі обсерваториялар құрылыстарының қалдықтары Армения мен Өзбекстанда (Ұлықбек обсерваториясы), Вавилонда, Мексикада, Перуде, Англияда, т.б. жерлерде сақталған. Қазіргі заманғы обсерваториялардағы көру түтігі (Г.Галилей жасаған телескоптан кейін) 17 ғасырдың басында Еуропада жасала бастады. Астрономдар Т.Браге, В.Гевелиж, В.Гершель ашқан О-лардан кейін Еуропада Париж (1667), Гринвич, т.б. жерлерде жаңа обсерваториялар ұйымдастырылды. 20 ғ-дың ортасында дүние жүзінде обсерваториялардың саны 500-ге жетті, олардың 90%-ы Жердің Солтүстік жарты шарында орналасқан. Елімізде Қазақстан ҒА Астрофизика институтына қарасты Асы-Түрген обсерваториясы, Күн обсерваториясы бар. Күн обсерваториясы Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 м биіктікте, Алматы қаласынан 30 км жерде орналасқан. Обсерватория әр түрлі типтегі күн телескоптарымен, лабораториялық жабдықтармен, бақыланған материалдарды өлшейтін және өңдейтін есептеу техникасымен жабдықталған. Негізгі аспаптары: айнасының диаметрі 50 см-лік көлденең күн телескопы және ажыратқыштық күші жоғары спектрограф, Б.Лио жүйесіндегі 53 см-лік және 20 см-лік коронографтар; объективінің диаметрі 20 см-лік фотогелиограф. Бұл обсерваторияда Күн дақтарының физикасы, Күн оталысы мен Күн тәжінің физ. құрылымы жөніндегі жұмыстар орындалды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Диаграммадағы сұраққа сұраққа жауап бер. жауабыңды дәлелде. перевод​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

deputy810
ikhilovb76
yuliyaminullina
nikdenly
avdeevana
siger06297
sokolowskayaa
sastakhova
yakovlevasvetlanalvovna209
mmoskow3
Теплова
vitalina3012
akudryashov
vallzh8328
Vyacheslavovna