Kochinev7
?>

Мәтіннен тіркесті сөздерді тауып жаз.​

Казахский язык

Ответы

master-lamaster
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
sychevao19975

Мен футболға қызығушылықты мектепке барғаннан кейін көп ұзамай бастадым. Бірде менің туыстарым теледидардан қандай да бір ойынды көріп жатқанын байқадым. Содан кейін мен бұл ойынның футбол деп аталатынын білген едім, бірақ мен оның ережелерін әлі білмедім және жалпы қызықтырмады. Бірақ менің туыстарым маған футбол туралы айтты, мен ережелерді білдім, кейбір командалар мен ойынның ерекшеліктері туралы білдім. Мен біраз уақыт футболды ғана қарап, оны ойнау туралы ойланбадым. Біраз уақыттан кейін мен сыртқа шығып, достарыммен сөйлестім және біз де осы керемет ойынды ойнауды шештік.Біз жақсы компанияны, сапалы допты тез тауып, көп ұзамай футболды өзіміз ойнай бастадық. Белгілі болғандай, оны ойнау көргеннен гөрі қызықты. Футболда кемелділіктің шегі жоқ екенін түсіну керек, бұл ойынды болжау қиын, командаңыздың жеңетінін немесе жеңілетінін ешқашан білмейсіз. Мұның бәрі ойынға ерекше қозғау мен қызығушылық тудырады, оны қайта-қайта келтіруге мәжбүр етеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Мәтіннен тіркесті сөздерді тауып жаз.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Aleksandrovich1075
serkinn69
galtig83
Richbro7
R7981827791127
АлександрАлина
Борисовна
inna-zub
Эрендженова
eoils-info
Ekaterina1654
nevzorova
Shlapakov1911aa
Тарбаева1243
zagadka27