қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
қазақстанның қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі батыс алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. алайда алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. ю.а. котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
ғылыми- техникалық прогресс ң қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
4-тапсырма. Мәтінді оқып, әр абзацтағы ойдың берілу тәсілдерін анықта (ақпарат беру, талдау, қорыту, хабарлама жасауАдам денсаулығының жақсы болуына оның көңіл күйі мен төңі-регінде болып жатқан жағымды өзгерістердің маңызы ерекше. Қуа-ныш, сүйініш, таңдану, сүйіспеншілік сезімдері адамның денсау-лығына жақсы әсер етеді. Оның дене құрылысының өсіп-жетілуінжақсартады, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал болмашы нәрсегекүйіну, қайғы-қасіретке түсу немесе біреудің табысына қызғаныш біл-діру, жек көру сезімдері адамның денсаулығын нашарлатады.Әлемге әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина ауруларды емдеп, сауықты-руда дәрілер мен хирургиялық әдістерден бұрын жылы сөздің қажет-тігін айтқан. Біздің ата-бабамыз сөздің әсер ету күшін біліп, көптегенмақал-мәтелдер қалдырған: «Жақсы сөз жан семіртеді», «Жылы сөзжанға қуат береді», «Жақсы сөз жанды айықтырады, аурудың жазы-луына жәрдемін тигізеді» т.б.Адамның рухани күйі мен ішкі сезімі - денсаулықтың кепілі. Көңілкүйді жадыратып, жүрекке жылы тиетін жақсы сөздер деніңіздің сауболуына әсер етеді. Себебі жан мен тән егіз. Халқымыздың «Жанысаудың тәні сау» деген мақалы өмірден алынған «Денсаулық халык байлығы» кітабынан )