?>
Сергей Петрович орнынан тұра сағатына қарады. Ол денесін тікейте, екі қолын артына ұстап, жай бастады сөзін. Жатқа айтты. Қарағандының қазіргісін ғана емес, келешегін декөрген байсалды адам жұмысын жайып салып, картадан көрсеткендей сөйледі.Қазір Қарағандының келешегінен гөрі бүгінгі жағдайын баса айтып, түйінді бірнешемәселеге тоқталды да, бәрін өзі шешіп берді.... Бізден бұрын Ермек ашқан бір ғана шахта жұмыс істеп тұр. Ескі жұмысшыларүйренген өндірісін тастап кете алмаған. Көмірді қолбұранмен шығарып, елге азы-түліккеайырбастап күн көріпті. Біз келгелі жаңадан төрт шахта қазылып жатыр. Материал, алдымен ағаш жетпейді. Су, азық-түлік жетпейді. Ағылып келе жатқан жұмысшыларға үйжоқ. Бәрі теміржолдың келуін күтеді. Оған дейін көпті қаңтарып тұра аламыз ба? Әрине, тұра алмаймыз. Жергілікті мүмкіншілікті барынша пайдалану керек. Сол мақсатпеншахтаның өте ауыр қолбұранын атбұранға айналдырдық. Бұл еңбек өнімін бес есеарттырады. Таяуда ат күшін бу күші басады. Еңбек өнімі тағы да арта түседі. Электр қуатынжасағанша осылай амалдай тұрамыз.Щербаков жай сөйлеп алдағы қауырт жұмыстарды қиындықтарымен қоса көзалдынан өткізіп тұр. Мейрам оның сөзінен сол қиындықтарды жеңетін күшті де көріп, сүйсініп отыр. Оқта-текте сұрақ беріп қояды.-Су мұқтаждығын қалай жоямыз?- «Герберт» суы ертең жер бетіне шықпақ. Құдықтар суы тек адам ішуге қалады. Онымен десу мұқтаждығынан құтыла алмаймыз. Екі километрде «Майқұдық» бұлағы, отыз бескилометрде Нұра өзені жатыр. Соларды тарту керек. Теміржолы келіп, трубаларжеткізгенше канал дайын тұрсын Мейрам сұрақ қойды:-Көп жұмысты теміржолдың келуіне қараттыңыз. Оған тиеген жүгіңіз бар ма, қашан келеді?-Жол біздің қарауымызда емес қой. Кесіп айту қиын. Январьға дейін Қарағандыға жетугетиісті. Жеткен күні Донбастан көмек келеді.-Қандай көмек?-Бір бу генераторы, екі буқазаны, нефть, двигатель, болат арқан, трубалар, бірнеше динамо.Ұсақтарды қоспағанда, бастылары осылар. Осының өзі бір адым алға жібереді бізді
Ответы
Маған да керек болып тұр