missimeri
?>

Комектесиниздерши отинемин​

Казахский язык

Ответы

Д.О. Игорь

атау

Объяснение:

атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы қылмыс туралы оған

irschacha

Оқи салшы))

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:

         — Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.

         Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.

         Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.

         Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.

konss2
Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті, 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассаблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. А жақындастыратын құнды қасиет – адамгершілігі. Адамгершілігі мықты жанның әркезде де өзгелерге көмектесіп, алғыс алуы анық. Бір-біріне алғыс айту арқылы араларындағы сүйіспеншілік пен махаббатты нығайта түседі. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың достығы мен бір-біріне деген құрметін арттыру. Елбасымыз бұл күн туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күні бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болып қалады», - деп өз айтқан. Мен өз елімде еркін өмір сүріп жатқаным үшін Қазақстан халқына, отбасымда мені шексіз жақсы көріп, бар мейірімімен тәрбиелеп жатқан ата-анама, мені қолдап әркез қасымда жүрген бауырларым мен достарыма, мені білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздарыма шексіз алғысымды білдіремін.

Ойнет жаңалықтар сайты: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=36&id=15099
© Oinet.kz

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Комектесиниздерши отинемин​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

verich
neganovaarxi
osuvorova7979
asemchenko
DzukaevAlekseevich
pak1998378
oskar-pn
ivan-chay19
Panei
many858
oyudina
ivanjeka87
olegmgu1
zu87zu87
martinson