Етістіктің шақ категориясы- іс- әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін граматикалық категория. етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”. осы шақтың 2 түрі бар: 1)ауыспалы осы шақ. 2) нақ осы шақ. ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“мен жүземін, оқимын”. “сен жүзесің, оқисың”. “сіз жүзесіз, оқисыз”. “ол жүзеді, оқиды”).
Paradismebel
05.01.2023
Қазы – жылқы етінің кәделі мүшелердің бірі. ол жылқының қабырғалары мен белдемелерінің етегіне жиналатын аса шұрайлы, майлы ет. қазы жасау үшін екі бұғана қабырға, екі тілше қабырғадан басқа қабырғалар алынады. қазыны ішекке тығады. әр қос қабырғадарың ішкі жағындағы шеміршегін кесіп тастайды. ішекке тығу үшін қабырғалардың арасын ажыратып тіліп, әр қабырғаға май мен етін тең етіп бөледі, бірақ ет пен май қабырғадан сылынып қалмауы керек. қазыны ішекке тығар алдында тұздап, 2-3 тәулік тұзын бойына сіңіріп қояды. содан кейін 1-2 сағат суық суға салады. содан кейін ішекке тығып, екі басын біріктіріп байлайды. содан соң сырыққа немесе керілген жіпке 8-10 сағат іліп, жел қақтырады. қазы және қос қазы формасы жағынан жарты шеңберге ұқсас болып жығады. қазыны ыстау, сурлеу үшін түтінге 13-27 сағат ыстайды. қазыны 2-2,5 сағатқа жайлап пісіреді. қазыны сыйлы қонақтарға басқа асқан етке қосып береді. қазыны ыстық күйінде де,тоңазытып тажеуге болады. қазыға: 400г қазы, 2-3 сарымсақтың бөлігі қосады. бұрышпен тұзды татымына қарай салады.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Диаграммадағы сұраққа жауап бер. жауабыңды дәлелде.