Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
«Дене шынықтыру сабағында» тақырыбына диалог құрастыру.
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, ағай!
Мұғалім: Түзел! Тік тұр! Бір мен екіге бөлініп, сана! Балалар келеп апатда мектебімізде «Салауатты өмір салты» апталығы өтеді. Апталық уақытында әрбір оқушы белсенді болып, өзі ұнататын спорт түрінен жарысқа қатыса алады.
Оқушылар: Мұғалім, қандай спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылады?
Мұғалім: Оннан аса спорт түрінен жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, жүгіру, ұзындыққа секіру,үстел теннисі және т.б.
Оқушылар: Ал біз сыныбымызбен футболға жазылып, қатыссақ бола ма? Біз үнемі өзіміз команда болып ойнап жүрміз.
Мұғалім: Әрине, болады. Онда сендерді тізімге жазып кояйын.
Оқушылар: Рахмет, ағай!
Мұғалім: Басқа қатысам деушілер бар ма?
Қыздар: Ағай, біз волейбол ойнап көрейік, ал қалғандары бізге жанкүйер болсын? Бастысы жеңіс емес, қатысу. Өз бағымызды сынап көрейік. Оның үстіне денсаулығымызға да пайдасы тиер.
Мұғалім: Жақсы, қыздарды волейболға жазып қойдым. Осы апта соңына қарай қосымша ақпарат беріліп, жарыстың өткізілетін уақыты хабарланатын болады. Ал әзірге жаттығуларымызды жалғастырайық. Екі командаға бөлініп, тұра қалыңдар...
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мәтіннен ұсынылған сұрақтың жауабы болатын сөйлемді белгіле. Не себепті кейіпкер аралды айналып өтпекші болды?Мәтін үзіндісіМен тұрған аралдан материкке бұл қайықпен жүзіп бару мүмкін емес еді.Ең қызығы, адам ізін көріп қалдым.Сол сәттен бастап бойымды қорқыныш билеп алды.Аралды аралап келе жатып бұған дейін өзім болмаған жерлерге тап болдым.
Аралды аралап келе жатып бұған дейін өзі болмаған жерлерге тап болдым
Себебі ол тұрған аралдан материкке бару мүмкін емес еді.