nastya3213868
?>

Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы: - Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, - дейді. Түйе: - Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық. Сиыр айтады: - Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық. Қой айтады: - Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады. Ит айтады: - Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Тауық айтады: - Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады: - Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын. Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. 1-тапсырма. Мәтінге сай тақырып қойыңыз (Дайте название тексту)

Казахский язык

Ответы

Галина-Юлия1292

1а 2д 3в 4з 5ж 6с 7е

Aleksandrovna1153

Тұмар(тамирис)(грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

gorovoy-dv4088

Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.

«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».

Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы: - Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, - дейді. Түйе: - Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық. Сиыр айтады: - Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық. Қой айтады: - Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады. Ит айтады: - Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Тауық айтады: - Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады: - Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын. Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. 1-тапсырма. Мәтінге сай тақырып қойыңыз (Дайте название тексту)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Gpack54
Vitalevich1187
mir5552
gaydukov5706
smileystyle
rayman777
dlydesertov1
Валентина980
LidiyaBorzikh
Mariya dmitrievna
Гаврилаш
Дружинин
borzhemskaya19823110
turoverova5
nikolotovas