Менің туған жерім - егеменді Қазақстан шығарма Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан . Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел . Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу . Биік - биік асқар тау , мөп - мөлдір көлдер , неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі . Қазақстан жерінде аңдар мен құстар , не ше түрлі жануарлар жасайды . Сол жерде біздің ата - бабаларымыз , батырларымыз , ақындарымыз , ғалымдарымыз туып өскен . Қазақстандай жері шұрайлы , шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар . « Отаның - алтын бесігің Отаны жоқтық – нағыз жоқтық » - деп дана халқымыз бекер айтпаған . Өз Отанын сүю , өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті .Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын . халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген . Өз елі үшін жанын да , барын да аямаған . Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап , ана тілімен дарып , ақ нанымен бекуі тиіс . Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық .
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
кащахский соч Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары 2-нұсқа Оқылым «Робинзон Крузо» романынан үзінді Тағдыр айдап, жалғыз қалып, үлкен бақытсыздыққа ұшыраған мен адамдар ортасынан кѳз жаздым. Мейірімсіз мекен біздің кемеміз аттанған жерден қашық, сауда кемелерінің жүретін жолы да әлденеше жүз миль, кѳктен болмаса, жерден келіп қолының ұшын берер ешкім жоқ, а аяқ баспаған қу мекенде, жалғыздық азабында күндерім ѳтіп жатты. Аралдағы күндеріме үйрене бастадым. Өз тіршілігімді жеңілдетуге тырысып жүрмін. Аралға келгеніме он-он бес күн ѳткеннен кейін жазып жүрер қағаз-қалам мен сияның жоқтығынан күн, ай, апта есебінен тіпті, жексенбінің қай күні екенінен де жаңылып қалғаным есіме түсті. Соны ойладым да, мені толқындар шығарып тастаған жағаға келіп, бір жуан бағанды қазып орнаттым, қалың тақтайды пышақпен ірі етіп ойып: “Мен бұл жерге 1659 жылы қыркүйек айының 30-ы күні келдім” деп жаздым да, ағашқа айқастырып шегеледім. Бағанға күніне бір рет белгі салдым; жетінші күнгі белгімді ұзынырақ етіп белгілеп отырдым: бұл жексенбінің белгісі, әр айдың бір жаңасын ұзынырақ етіп белгіледім. Сонымен, әр жылды, әр айды, әр апта мен әрбір күнді белгілер күнтізбе жасадым І Негізгі кейіпкерді тауып, мінездеме беріңіз . Кейіпкер мінездеме Мәтіндегі іс-әрекеті Мәтін мазмұны бойынша өз ойым ІІ Автор қолданған сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз. Баламасын (синонимін) жазыңыз. Автор қолданған сөз тіркестері Менің қолданысым Үлкен бақытсыздыққа Қол ұшын беру А аяқ баспаған Өз тіршілігімді жеңілдетіп Жаңылып қалдым Жалғыздық азабы ІІІ Берілген сұраққа толық жауап жазыңыз Елсіз аралға тап болсаң не істер едің? Алғашқы әрекетің не болар еді? Жазылым "Атырау – экологиялық аймақ " тақырыбында көмекші есімдерді қолданып, эссе жазыңыз 1.Тақырып бойынша эссе жазады 2.Тақырыпты ашады 3.Аргументтер келтіреді 4.Өз пікірін білдіреді 5.Қорытынды жасайды 6.Көмекші есімдерді қолданады қою кестесі Оқылым Жауап І Кейіпкер –Робинзон Крузо 1 Мінездеме – оқушы жауабы 1 Іс-әрекеті- оқушы жауабы 1 Қорытынды –оқушы жауабы 1 ІІ Автор қолданған сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз ( түгел дұрыс орындаса) 2 ІІІ Оқушы жаубы 1 Жалпы ұпай: 7 Жазылым 1.Тақырып бойынша эссе жазады 1 2.Тақырыпты ашады 1 3.Аргументтер келтіреді 1 4.Өз пікірін білдіреді 1 5.Қорытынды жасайды 1 6.Көмекші есімдерді қолданады 1 Жалпы ұпай: 6
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.