panstel
?>

Уақыт - ұлы күш » деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 130-150 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз.​

Казахский язык

Ответы

Vova220

Уақыт бұл біздің өтіп жатқан өміріміз. Біз мұны көбіне біле бермейміз. Уақытымыз өтсе қуанамыз. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Біз өзіміз уақытты үнемдеп босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Мен үшінші сынып оқушысымын. Өз уақытымды құр босқа өткізбеуге тырысамын. Әрдайым сабаққа дайындалып жүремін. Бос уақытымда көркем шығармалар, қызықты ертегілер оқимын. Әртүрлі үйірмелерге қатысамын. Кейде уақыттың қалай зымырап бара жатқанын түсінбеймін. Уақыттың бос өткені өмірдің бос өткені деп бекер айтпаған. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.

Khlistova1488

Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!-

дейді Мұқағали Мақатаев. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол бермеуіме, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен отбасымдағы тәрбие десем, тәрбиенің бойыма сіңімділігіне әсер еткен уақыт пен оның төрелігі дер едім.

makovei78

Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Fomin Korablev1781

Әркімнің өз отаны, туылған жері бар.Біреулердіңкі Шымкент, біреулердіңкі Нұр-Сұлтан.Ал менің туған жерім Жезқазған.Мен өзімнің туған жерімді жақсы көремін.Ал енді өзімнің туып өскен жерім туралы айта кетсем:

Жезқазған қаласы - Қазақстандағы қала, Қарағанды облысы.

Қала 1954 жылы құрылды. Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең.[2]

Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 97,3 мың адамды құрады.

Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық округ, 18 ауылдық елді мекен бар.

Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының

60,0%-ы қазақтар

27,8%-ы орыстар

1,4%-ы немістер

1,3%-ы татарлар

4,1%-ы украиндер

0,9%-ы белорустар

4,5%-ы басқа ұлт өкілдері.

Ал тарихын айта кетсем:

Жезқазған - еліміздің мысты қазынасы. Қала тарихы комбинаттың тарихымен тікелей байланысты. Осыдан не бәрі елу жыл бұрын ғана кішкене кент - Жезқазғанның алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен кеншілер болды.

Байырғы қазақ жері өзінің жер асты байлығымен белгілі болған. Жезқазған мысты кен орны адамзатқа 3000 жыл бұрын белгілі болған. Бұған куә көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Бұрынғы кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған. Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған. Сонау жылдардан халықтың жадында сақталып, бүгінге жеткені жергілікті жер атауы – Жезқазған.

Міне менің қалам керемет қалалардың бірі.Табиғаты да, тарихы да керемет, бір ойласан терең ойланасын.Менің туылған жерім, және мен оны қатты жақсы көремін!

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Уақыт - ұлы күш » деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 130-150 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз.​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ПолухинаТененева565
kol-nat26
dmitrymakarov003
reception
makashi28
Alisa
pavpe4198
kettikis
sawa-msk
srvsm
adel25159
janepustu
petrosyan35
gulyaizmailova
leonidbaryshev19623