Алтын күз.
Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасын менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Таулар сыры. Тайна гор. Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз. Наша страна находится на широких просторах. Только в некоторых облостях есть горы. Если наша страна была бы расположена чисто на горных местностях, то какие у нас были бы особенности? Напишите свое мнение!
Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.
Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.
Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М.Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В.Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.