Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тапсырма 2 Мемлекетті және оның құрылуының тарихи маңызын мәтінен анықтаңыз аварларға қарсы шығып, олардың тас-талқанын шығарды. Осы мемлекеттің орнында құрылды. Ал, мемлекеттік дәрежеге көтерілуіи осы жылдан басталады.Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Қағанаттың негізгі құрамы түркі тілдес халықтар болды. Олардың басым көпшілігі «теле» тайпалары еді. Қағанаттың құрамында 30-дан аса теле тайпасы болған. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін тағы басқа да тайпалар болған. VІ ғасырдың 70 жылдарында бұл қағанат Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін билік жүргіздіVІ ғасырдың екінші жартысында осы қағанаттың билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Осы кезеңде Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, күшті мемлекеттің біріне айналды. Өтінем көмектесініздершіііі
Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Аджи атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділ бойында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді.