Біздің планета атмосферасының массасы көп емес — Жер массасының миллионнан бір бөлігі ғана. Алайда, биосферадағы табиғи үдерістердегі оның рөлі елеулі. Жер шарының айналасында атмосфераның болуы біздің планетаның жалпы жылулық режимін анықтайды, зиянды ғарыштық және ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Атмосфера циркуляциясы жергілікті климат жағдайларына, ал олар арқылы — өзен, топырақ режиміне, рельефтің қалыптасу үдерістеріне әсерін тигізеді.
Әр түрлі экожүйеге атмосфераның құрамына кіретін үш газдың маңызы зор: оттегі, көмір қышқыл газы, азот. Бұл газдар негізгі биогеоциклдерге қатысады. Жердің атмосферасындағы жағымсыз өзгерістер, негізінен атмосфера ауасындағы екінші ретті компоненттер шоғырлануының өзгерісімен байланысты.
Атмосфераның екі негізгі ластану көзі бар: табиғи және антропогендік. Атмосфераның ластануының негізгі антропогендік көздеріне отын-энергетика кешенді кәсіпорындары, транспорт, әр түрлі машина жасайтын кәсіпорындар жатады.
Ғалымдардың мәліметінше, адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде әлемде атмосфераға 25,5 млрд т көміртегі тотығы, 190 млн т күкірт тотығы, 65 млн т азот тотығы, 1,4 млн т хлорсутегі (фреон), қорғасынның органикалық қосындылары, соның ішінде канцерогенділері (онкологиялық аурулар тудырушы) түседі екен.
Газ тэрізді ластаушы заттардан басқа, атмосфераға үлкен мөлшерде қатты бөлшектер де түседі. Олар ыс, шаң, күйе. Табиғи ортаның ауыр металдармен ластануы өте қауіпті болып келеді. Қорғасын, кадмий, сынап, мыс, никель, мырыш, хром, ванадий өнеркәсіптік орталықтар ауасының тұрақты дерлік компоненттеріне айналды. Әсіресе, ауаның қорғасынмен ластану мәселесі қауіпті болып отыр.
Атмосфера ауасының ғаламдық ластануы табиғи экожүйенің жағдайына, әсіресе біздің планетамыздың жасыл қабатына әсерін тигізуде. Биосфера жағдайының көрсеткіші ретінде ормандар мен олардың жағдайын айтуға болады.
Күкірт қос тотығы және азот тотығынан тұратын қышқыл жаңбыр орман биоценозына үлкен зиянын тигізеді. Қылқанжапырақтылар әдетте жалпақ жапырақтыларға қарағанда қышқыл жаңбырлардан көп зардап шегетіні анықталған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
І. Оқылым Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам. Қазақ халқының дәстүрлі ұғымында «жолаушы өз үйінен қырық қадам ұзап шыққан соң мүсәпір» делінеді. «Мүсәпір» араб тілінде жолаушы деген ұғымды білдіреді. Сайын далада жолаушыға жолыққанада оған жол көрсетіп, жөнсілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жолсапарға мол азық, ауырзат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қоскөрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан. Қаралыа уылға да түсіп, аттан уытиіс болған. «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Көшпелілер қоғамында жолаушы кеңдаладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, -көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан. «Жолаушыны жол сынайды» деген мақалдар алыс сапар ауыртпалығын білдірген. 1 Мәтіннің стилі мен жанрын анықта ) 3. Қарамен жазылған сөздердің мәнін түсіндір және аудар ( ) 4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді көшіріп, түсінігінді жаз( ) 1 2 3 4 5 ІІ. Жазылым А) Берілген тақырып бойынша 5 сөйлем құрастырындар ( ) «Қазақ жазуының даму жолы» 1. 2. 3. 4. 5. Б) « Көшпенділер мәдениеті» берілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріндер ( ) 1.Ұлы даланы қандай тайпалар мекендеген? 2.Еуразия даласындағы тұңғыш империяны кімдер құрды? 3.Хандар мемлекет басқаруда кімдерден ақыл- кенес апды? 4.Қазақтың халық күнтізбесі бойынша жыл атауларын жаз . 5. І.Есенберлин « Көшпенділер» трилогиясының бөлімдерінің атаулары. 1 бөлім 2 бөлім 3 бөлім