Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді»,-деп Б.Бұлқышев дәл тауып айтқан екен. Расымен де, өміріміздің сәнді де мәнді болуы тек қана өзімізге байланысты. Жер басып жүрген а ң әрқайсысы өз тағдырының алдында аса үлкен жауапкершілікке ие. Бәріміздің көксегеніміз бір- бұралаңы мен соқпағы көп осынау өмір жолында аңсаған арманға адаспай жетіп, бақытты болу. Өкінішке орай, бұл кез келгеннің қолынан келе беретін оңай іс емес. Нағыз бақытқа қол жеткізу үшін бойымызда сарқылмас төзім, қайтпас қайсарлық, жасымас жігер тәрізді қасиеттердің болуы маңызды екені белгілі. Алайда, менің ойымша, ең алдымен талап етерлік қасиет - өз өміріне деген жауапкершілікті сезіне білу.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ақшаны үнемдеп ұстаудың маңыздылығы қандай? вопрос по тексту Мен әлі мектепте оқимын. Әзірше жұмыс істемеймін, тұрақты табысым жоқ. Маған ақшаны ата-анам береді. Ал ме нің міндетім — сабақ оқу. Бірақ кейде ұсақ-түйек жұмыстар орындаймын. Сөйтіп, күнделікті ата-анам беретін қалта шығынымды толтырып отырамын. Мен Герберт Ньютон Кэссонның кітабын оқығаннан кейін ақшаны үнемдеп ұстайтын болдым. Кез келген нәрсеге шаша бермеймін. Көбінесе түскі ас кезіндегі тамаққа, оқуға қажетті құрал-жабдыққа жұмсаймын. Сатып алған заттарымның түбіртегін сақтап қоямын. Айдың аяғында кеткен шығынымды есептеймін. Бірақ кейде достарыммен қыдыруға да ақша қалдырып отырамын. Егер өзіме қажетсіз зат болса, бас тартамын. Өйткені ол мен үшін маңызсыз. Сондықтан пайдалы әрі керек заттарды сатып алуға тырысамын. Ата-анасы берген ақшаны қалай болса, солай ұстайтын балаларға таңғаламын. «Олар ақшаның қандай еңбекпен келгенін біле ме екен?» — деп ойлаймын. Оны қосымша жұмыс істеген кезде сезіндім. Әр жұмыстың өз қиындығы болатынын түсіндім. Өскенде бай әрі жақсы өмір сүруді мектеп қабырғасынан бастап ойлау керек екен. Егер сен білімді болсаң, ақша табуға болады. Білімді адам кез келген жерде бағаланады. Сондықтан мен уақытымның көбін сабақ оқуға жұмсаймын. Түрлі үйірмеге қатысамын. Ата-анама қолғабыс жасаймын. Олар жұмыстан келгенше үйдегі жұмыстарды істеп қоямын. Пәтерақы төлеймін. Жақын адамдарымды бағалай білу керектігін өмір туралы кітаптарды оқыған кезде түсіндім.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.