«Қысқы ойын».
Қыс мезгілі де келіп жетті. Айнала ақ ұлпа қалың қарға оранып, аппақ болып жатыр. Қыс мезгілінде аяз болғанымен, бұл балалар үшін өте қызық мезгіл. Себебі, балалар қыста шаңғы мен коньки теуіп, төбешіктен шанаға мініп, зулатып сырғанақ тебеді. Енді кейбіреулері қардан аққала жасап, басқалары қар лактырысып ойнайды.
Қыс мезгілі сонымен қатар барша адам тағаттана күтетін Жаңа жыл мерекесімен ерекшеленеді. Жаңа жыл алдында оқушылар кезекті демалысқа шығып, құмарлары қанғанша армансыз ойнап, біраз тынығады. Ендігі кезекте Аяз атаны тосып, шыршаны әсемдейді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Жазылым 7-тапсырма. «Әдеп сақтау ізгілік» деген тақырыпта эссежаз. Эссенің кіріспесі етіп төмендегі үзіндіні ал.Үлке болсын, кіші болсын, әдеп сақтау – халықтық тәлім-торбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі берік қалыптасқан заңы.Үлкеннің кіші алдындағы, кішінің үлкен алдындағы әдепсақтауының тамаша үлгілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолынкеспеу, бұрын сөйлемеу, ... .49 қазақша
Объяснение:
*Әдеп сақтау - ізгілік.*
_Әдептілік - қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі, ұлттық қазақи тәрбиенің ізгі бастауы. Игі әдеттен әдет - ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. Қазақ халқы қашан да үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсеткен халық. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті болуға тәрбиелейді. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өсейік! Ер жеткен кезде ата - анамызды жерге қаратпау - біздің міндетіміз._
_Әдептілікті өз басым әрқашанды үлкенді сыйлау, ал кішіге қамқор болу деп түсінемін және қолымнан келгенше барынша әдепті болуға тырысамын._