Мен ұқсағым келетін адам ол менің анам. Ол әрқашан жақсы, мейірімді. Анам маған жақсы кеңес береді. Ал анам үйде жоқ болса, қайғысын да, қуанышын да ешкіммен бөліспесе, мен жанымдағы тас сияқтымын. Бірақ анасы келгенде онымен бөліскен қайғы жартылай жоқтау, ал қуаныш қос қуаныш.
Кейде анам мені мектепте нашар бағамын деп немесе басқа зияным үшін ұрсады - мен ренжіп қаламын, кейде тіпті сөйлеспеймін. Бірақ көбінесе қателесетінмін. Соны түсінген соң анасына барып кешірім сұрады. Ал анам қанша қателессем де мені кешіретін.
Мен анамды әрқашан бақытты, қуанышты, нәзік және мейірімді көргім келеді. Ал басқаша болуы мүмкін емес.
Объяснение:
Мен саяхаттағанды ұнатамын. Мемлектіміз Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін.
Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың тұмса сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым. Мұндағы табиғат, ауа райы, бәрі де тамаша.
Ал Астана мен Жезқазған, Семейде бір салқындық бар. Қысы суық, жазы салқынырақ екен. Десе де адамдарының мінезі жайсаң, жарқын. Қай жерде болсын құшақ жая қарсы алып, сый-құрметке бөледі.
Маған өз елім, елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық
Объяснение:
қысқартып жазуға болады
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Құрамы 50-70 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек. СКАЖИТЕЕ
ответ:Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр